Өз ісінің шебері

Өз ісінің шебері
16.02.2018
117
Қызметкерлер

Өз ісінің шебері

«Argymak TransService» ЖШС кен орнында жөндеу-механикалық цехында жөндеуші болып қызмет атқаратын Нұрлыбаев Таңатбек – өз ісінің шебері. 1989 жылы әскерден кейін көлік жөндеуші болып орналасқан жас жігіттің аталған цехта табан аудармастан қызмет атқарғанына бірер жылдан кейін 30 жыл болады екен. Мекеменің бір кездегі ауыр күйін өз көзімен көрген әріптесіміз бүгінгі күндегі жағдайдың ол кезден айырмашылығы жер мен көктей екеніне, жақсы жағына қарай дамып келе жатқанына ризашылығын жасырмайды.  Кен орнында автокөліктердің үздіксіз жарамды күйде жұмыс істеуі – тынымсыз еңбектенетін осы қарапайым еңбек адамдарының қажырлы қызметінің арқасы. Жұмысына адал да тиянақты жігіттің мамандығы кен орны үшін аса маңызды. Таңатбек түрлі жабдықтың, құрылғылардың құрылымын нақты біліп; тораптар мен механизмдерді жинаудың, сынау мен пайдаланудың техникалық талаптарын сақтап, желідегі көліктердің бабында болуына жауапты. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх