Татулық – жетістік кепілі

Татулық – жетістік кепілі
16.02.2018
109
Қызметкерлер

Татулық – жетістік кепілі

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы №1 Мұнай-газ өндіру басқармасы, №4 Шоғырланған сораптар станциясының шебері Естай Қарашаев 25 жылдан бері мұнай саласында қажырлы қызмет етіп жүр. Еңбекқор, бойында ұйымдастырушылық қабілеті мол Естай еңбек ұжымымен өздеріне тиісті 76 скважинаның жай-күйімен күнделікті таныса отырып, олардың үздіксіз, бір қалыпты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етеді.
«Ұжымда 8 машинист, 5 оператор, 2 слесарь-жөндеуші жұмыс жасайды. Бір отбасының мүшелеріндей татумыз. Әріптесіміз Нұрлыбек Әділмұхамедов бір жылдары «Үздік маман» сайысына қатысып, компанияның үздігі атанды. Жалпы жұмысшы кәсібін насихаттау, еңбек адамының мәртебесін арттыру мақсатында өткізіліп жүрген байқаудың жыл сайын өткізілуі бізді қуантады», – дейді ол.
Жомарт Шеркешбаев мұнай саласында 16 жылдан бері қажырлы еңбек етіп жүр. 
Тату ұжым «ырыс алды ынтымақ» деген нақылды берік ұстанады. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх