Өндірісті модернизациялау. Қабатты су арынымен жару – мұнай өнімділігін арттыру кепілі

Өндірісті модернизациялау. Қабатты су арынымен жару – мұнай өнімділігін арттыру кепілі
16.02.2018
218
Өндіріс

Өндірісті модернизациялау. Қабатты су арынымен жару – мұнай өнімділігін арттыру кепілі

Өзен және Карамандыбас кенорындарында қабатты су арынымен жару (ҚСАЖ) технологиясы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Алғаш рет бұл технологияны 2003 жылы Өзен кенорнында 13 белдеуде жасап тұрған №6816 скважинасына 18 тонна проппант айдау арқылы ҚСАЖ жұмысы нәтижелі орындалды. ҚСАЖ технологиясы бүгінгі таңда тиімділігін нақты дәлелдеген технологиялардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні «Өзенмұнайгаз» АҚ бойынша 2000-нан астам скважинада ҚСАЖ технологиясы жасалды. Өндірістік бағдарламаға сәйкес жылына 100-ден астам скважинада ҚСАЖ жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Өзен және Қарамандыбас кенорындарының игеріле бастағанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Осыған орай, кенорын мұнай қорының басым бөлігі өткізгіштігі төмен, күрделенген жер қыртыстарында шоғырланғаны белгілі болып отыр. Сол себептен жаңадан бұрғыланған мұнай скважиналарының 50 пайызынан астамы қабатты су арынымен жару технологиясының көмегімен іске қосылуда. 
Соңғы екі жылда осы технологияны көлденең қазылған скважиналарға жүргізу жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар технологиялық тұрғыда күрделі бірнеше кезектен тұратын ҚСАЖ жұмыстарын жүргізу де жоспарда бар. 
Кенорын ұзақ уақыттан бері үздіксіз игеріліп келе жатқандықтан сулану көрсеткішінің қарқынды өсуі – басты мәселеге айналуда. Осындай өзекті мәселелерді шешу және скважиналардың мұнай өндіру көрсеткішін арттыруға бағытталған «Өзен және Қарамандыбас кенорындарының даму концепциясы» аясында жасалатын жобалардың бірі –сулануы жоғары скважиналарда кешенді түрде ҚСАЖ және шегендеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл технологияның ерекшелігі суланған қабатты арнайы полимер айдау арқылы шектеу, содан соң қабатты жару жұмыстарын бір кезеңде жүргізу болып табылады. Нәтижесінде, сулану көрсеткіші жоғары скважиналарда қосымша өнім алу мүмкіншілігі пайда болады. 

Дамир ШЫРАҚБАЕВ, 
«Өзенмұнайгаз» АҚ Игеру департаменті директорының орынбасары 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх