Жаңа нысандар – мұнайшылар игілігіне!

Жаңа нысандар – мұнайшылар игілігіне!
16.02.2018
277
Өндіріс

Жаңа нысандар – мұнайшылар игілігіне!

«Өзенмұнайгаз» АҚ №3 Мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты №10 МГӨК-те әкімшілік-тұрмыстық кешен және №2 «в» блокты шоғырланған сораптар станциясында 15 орындық жаңа нысан ашылып, мұнайшылар игілігіне берілді. Аталған нысандардың ашылуына ӨМГ бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров пен кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов қатысып, әріптестерінің қуаныштарына ортақтасып, құттықтау сөз сөйледі.     
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, 2009 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Қоғам жұмыскерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту» бағдарламасын қабылданған болатын. Осы бағдарламасы аясында компаниямызда 125 нысан салынды. Үлкен көрсеткіш деп есептеймін. Қарапайым еңбекшінің әлеуметтік жағдайы үнемі басты назарда болуы тиіс. Мұнайшыларға қолайлы еңбек жағдайын тудыру – біздің міндетіміз», – деді Мақсат Оңғарбайұлы.
Өз кезегінде №2 «в» блокты шоғырланған сораптар станциясының машинистері Алмаш Бейсенғалиева мен Рамила Аманжолова жаңа нысанға орай алғыстарын білдірді. Иә, ескінің кетіп, жаңаның келуі – өмір заңы.    

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх