Жаңа технология мен техниканы енгізу

Жаңа технология мен техниканы енгізу
05.02.2018
90
Өндіріс

Жаңа технология мен техниканы енгізу

«Қаражанбасмұнай» АҚ негізгі мақсаты – мұнай және газ конденсатын өндіру, мұнай өнімдері мен газға ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге өз үлесін қосу, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайта отырып өндіру деңгейін тұрақты жоғары деңгейге шығару, өндірістегі жетістіктерін халықтың игілігіне жарату болып табылады.
Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген басты міндеттердің бірі – елімізде жүзеге асырылу үстіндегі индустрияландыруды жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналдыру міндетін қойған.
Қазіргі таңда жаһандық деңгейде жүргізіліп жатқан өндіріске жаңа техника, технология енгізу бағытындағы өзгерістерге сай болу үшін «Қаражанбасмұнай» АҚ да осы бағытта жұмыстар атқаруда. 
Атап айтар болсақ, 2017 жылы Қаражанбас кен орнында: Ұңғылардың сағалық қысымдарын төмендете отырып, ұңғы өнімінің өсуіне себебін тигізетін және ұңғылардың өнімінің ілеспе газ, құрамындағы кұм мөлшерін талдамайтын мультифаздық бұрандалы сорап (31птв); Сораптық Компрессорлық Құбырларды пайдалану мерзімін, сонымен қатар, ұңғылардың жерасты жөндеу аралығын ұзартуға бағытталған ұңғы сорабының құрамындағы жер асты жабдықтарындағы шыбықтарын қажет етпейтін, ұңғы түбіне түсірілетін жетекті бұрандалы сорап (скв.2115,1188); Ұңғылардың жер бетіндегі және жер асты жабдықтарын тиімді қолдануға бағытталған, өндіріске ұңғыларды қашықтан басқару жүйесін енгізу мақсатында тербелмелі қондырғылардың интеллектуалды басқарма бекеті (ЦДН-1) және өндірісті цифрландыруға бағытталған бірнеше жабдықтарға тәжірибе-сынақ жұмыстары өткізілуде. Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген өндірістік тәжірибе-сынақ жүргізіліп жатқан заманауи қондырғыларының өндірістік, сонымен бірге, экономикалық сараптарының нәтижелері күтілуде. 

«Қаражанбасмұнай» АҚ Өндірістік-техникалық департаменті

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх