Қазгерліктер Ембіде болды

Қазгерліктер Ембіде болды
05.02.2018
48
Трансформация

Қазгерліктер Ембіде болды

Жуырда «Қазгермұнай» БК» ЖШС мамандары Ембіде тәжірибе алмасу сапарында болды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 6 қазандағы Қаулысына сәйкес, 2015 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ трансформациялау Бағдарламасына көшіп, ол ҚМГ компаниялар тобының қызметін кең ауқымды түбегейлі өзгеріске әкелуді көздеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ енгізген маңызды да ауқымды жобалардың бірі 2016 жылы бастау алған «Шебер-мәліметтерді басқарудың бірыңғай жүйесін құру» жобасы болатын. Оған «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Манғыстау­мұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазгермұнай БК» ЖШС қатысты. Жоба міндеті – қорды азайту, есептілік сапасын арттыру (шығындар, сатып алулар бойынша есептіліктер), сатып алуды орталықтан жүргізу, материалдар анықтамалығын SAP MDG бағдарламасында жүргізу.
«Ембімұнайгаз» АҚ осы жобаны алғаш боп жүзеге асырушы болды. Яғни, бұл жүйе Ембіде алғашқы боп қолға алынып, бүгінде өз дәрежесінде жұмыс жасап келеді. Жобаның негізгі мақсаты – сатып алу жоспарынан ретсіз жасалған, бір-бірін қайталайтын жазбаларды алып тастау, шығындар мен сатып алулар бойынша есептілік сапасын арттыру, тауарлы-материалдық құндылықтардың толық тізімін құрып, анықтамалық түзу, сатып алуды орталықтандыру мүмкіндігін қарастыру және анықтамалықты SAP MDG жүйесіне біріктіру. Яғни, тауарлы-материалдық құндылықтар (ТМҚ) қорын бір арнаға тоғыстырып, сатып алу жүйесін жеңілдетуді көздейді. «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша осы жұмысты жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, оған қосалқы құрылымдық бөлімше мамандары да енді. Олар нормативтік анықтамалық ақпарат (НАА) тобымен бірлесіп мыңнан астам дайын үлгі жасақтап, төрт мыңға жуық ТМҚ жазбасын түзді. Бұл айтарлықтай ауқымды жұмыс көлемін білдіреді. Одан әрі бұл үлгілер жоба аясына қатысы бар барлық еншілес тәуелді ұйымдармен (ЕТҰ) қолданылады. Осыған сәйкес жобаны үйренуге, тәжірибе алмасуға Ембіге «Қазгермұнай» БК» ЖШС мамандары келіп, өздеріне қажетті мағлұматтар алды. Оларға ембілік мамандар: Ж.Ильясов, А.Аубакирова, А.Байғазина дәріс беріп, жоба жұмысымен таныстырды.   
Қазгерліктер бұл жүйе жұмысымен танысуға үлкен ынта қойып, зор ықылас білдірді. Олар жоба жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, аталған жүйені өз кәсіпорындарында қалай жүзеге асыруға болатынын үйренді.  
Мен «Қазгермұнай» БК-де логисти­ка саласында инженер болып жұмыс ­жасап келемін. Басшылықтың «Тауарлы-материалдық құнды­лықтарды есепке алудың бірыңғай жүйесін құру» идеясын қолдаймын. Расында, жыл сайын сатып алуға қомақты қаржы бөлінеді, ал қажетті тауарлар қойма сөрелерінде бұрыннан жатқан боп шығады, – дейді Елебек Мырзабаев. «Бұл жүйе Ембіде шұғыл енгізіліп, бүгінде табысты жұмыс жасап жатыр. Бізді сол үшін де іссапарға жіберді. SAP жүйесі бойынша жұмыс жасау жеңіл, мұнда бәрі ашық, айқын көрініп тұрады, жүйеге еніп, қажетті тауарды сұрата аласың. Бұл тиімді. Егер қоймада бар боп шықса, оны алу қиын емес. Жаңадан тапсырыс берудің қажеті жоқ. SAP – ТМҚ-ны есепке алудың тиімді құралы. Мәселен, бір тауар әр түрлі атаумен аталуы мүмкін. Оларды бір түрге енгізу бір тауардың атауын ғана білдіреді, сол арқылы қажетсіз артық шығындар қысқарады», – деп қостады әріптесін Ерман Құлтабаев пен Санжар Нағманов. Ембілік мамандар қазгерліктердің тәжірибе ал­масу­ға келуі алға қарай бірлесе жұмыс жасап, өзіндік жұмыс көлемі қарқынын арттыруға және бір мақсатқа жету­ге үлкен серпін береді деп сенеді. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх