Өзенмұнайгаз жастары Сабыр Адаймен кездесті

Өзенмұнайгаз жастары  Сабыр Адаймен кездесті
19.01.2018
188
Әлеумет

Өзенмұнайгаз жастары Сабыр Адаймен кездесті

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен компания ұжымының Сабыр Адаймен кездесуі өтті. 
Кездесуде сөз алған бас директор Бекзат Абайылданов алтын уақытын бөліп келген ақынға еңбек ұжымы атынан риясыз алғысын білдірді.    
«Өзен тек мұнай өндіретін қала емес, ар мен намыстың мекені. Мұнда тұратын әрбір адамның бойында қазаққа деген махаббат бар. Біз әрбір өзендікті патриот деп танып, құрмет тұтамыз, сендерге бас иіп тағзым етеміз. Кездесу – деген қазақта бұрыннан бар салт-дәстүр. Кездесу-бізді бауырмалдыққа тәрбиелейді. «Араласпаса, ағайын жат болады» – деген нақыл бар. Ата-бабамыз бізді ағайынға, көршіге, қазаққа, жалпы мұсылманға, тіпті төрт түлік малға, тіпті жайқалып өскен шөпке қиянат жасамай, адал болуды үйретті.Ендеше, тектіліктің уызына жарып өскен біздің әлсіз болуға қақымыз жоқ. Әрбір мұнайшы тапқан қаражатын ұл-қызының сапалы білім алу жолына жұмсауы керек. Әрбір қазақ сапалы болса, Қазақстан сапалы болады», – деді тебірене сөйлеген Сабыр Адай.
Рухани кеште жергілікті өнерпаздардың орындауында Адайдың жеті қайқысының әндері шырқалып, ақынның өлеңдері жатқа оқылды.
Компанияның бас директоры Бекзат Абайылданов еңбек ұжымының атынан ұлы ақынның иығына қонақкәде ретінде шапан жапты. Ақынмен қауышқан көрермен нәрлі де мәнді әңгімеге бір марқайып қалды. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх