Жүздерің жарқын болсын, азаматтар!

Жүздерің жарқын болсын, азаматтар!
19.01.2018
32
Әлеумет

Жүздерің жарқын болсын, азаматтар!

Қайғысы мен қуанышы қатар жарысқан бұл пәнидің пендеге ұсынар өз сынағы бар. Оның ең бастысы адам басына түскен ауыр қаза – жақын туысыңнан айырылу. Біздің отбасымыз да осындай ауыр кезеңді бастан кешті. Ұлымыз Мұрат мезгілсіз келген қазадан көз жұмды. Ол көп жыл «Өзенмұнайгазға» қарасты №3 МГӨБ-сында абыройлы еңбек етті. Өзіме және отбасыма қиын соққан осы қайғылы күндерде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы және ұлым жұмыс жасаған ұжым басшылары өздері бастап, тайлы-тұяғымен қалмай келіп, қайғыма ортақтасып, моральдық қолдау білдіруі – көңілімізге демеу болды.
«Адамның күні адаммен», – дейді дана халқымыз. Бойларында адамгершілік, кісілік қасиеттері мол мұнайшы азаматтар­ға өзімнің және отбасымның атынан рахмет айтуды парыз санадым. Ақжарқын, ақ пейілді көңілдеріңіз үшін Сіздерге рахмет. Жүздерің жарқын болсын, мұнайшы азаматтар! 

Закария ИСАҒҰЛОВ, 
Қазақстанның құрметті журналисі, 
Жаңаөзен қаласының 
құрметті азаматы.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх