Бизнес-үдерістерді басқарудың біріктірілген жүйесі

Бизнес-үдерістерді басқарудың біріктірілген жүйесі
19.01.2018
227
Трансформация

Бизнес-үдерістерді басқарудың біріктірілген жүйесі

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ Келешек даму департаменті тағы бір жаңа бағытта жұмыс бастаған болатын, ол – Бизнес-үдерістерді басқарудың  біріктірілген жүйесін (ИСУ) жетілдіру және оңтайландыру. Департамент мамандары басқару аппараты ұжымына жүргізілген жұмыстар бойынша тұсаукесер өткізді. Еске сала кетсек, ИСУ халықаралық стандарттарын енгізудің негізгі мақсаты – бизнес-үдерістер сапасын және өндірілетін өнім сапасын энерготиімділікті арттыру (ISO 50001), қоршаған ортаны қорғауды жақсарту (ISO 14001), қауіпсіздікті, еңбек қорғау мен қызметкерлер денсаулығын үнемі жақсартып отыру (OHSAS 18001) есебінен жүргізу. 
Жүргізілген жұмыстар барысында ішкі нормативтік құжаттарды (ІНҚ) ревизиялау және тексеру жүргізілді, соның ішінде өндірістік құрылымдық бөлімшелерде де және ішкі нормативтік құжаттарды үдеріс иелерімен актуализациялау туралы бұйрық шықты. Үдеріс иелері дегеніміз орталық басқару аппараты мен өндірістік құрылымдық бөлімшелердегі әрбір департамент/қызмет басшылары мен мамандары. ИСУ ішкі аудитін жүргізген кезде құрылымдық бөлімшелерде бір-бірін қайталайтын процедуралар көп екені айқындалды. 
Біріктірілген басқару жүйесін жетілдірудің заңды жалғасы – Қоғамның ағымдағы бизнес-үдерістерін оңтайландыру болып табылады. Бизнес-үдерістерді «қызметкерлердің жадында» сақтау қызметкер ауырып қалған немесе жұмыстан шығып кеткен жағдайда өндірістік үдерісті жүргізуге қиындық тудырады. Ондай болмас үшін, барлық бизнес-үдерістер үдеріс иелерімен жазылып отыру, түсінікті, нақты болу және оңтайландырылуы тиіс. 
Алда компанияны тиімді басқаруды жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізу қажет. Ең бастысы, оны компанияны жетілдіру Стратегиясының мақсат-міндеттерімен біріктіру арқылы қолданыстағы ұйымдастырушылық құрылымға жүргізілуі тиіс. Тек осы жағдайда барлық басқару, негізгі және қосалқы бизнес-үдерістерді үйлесімді құруға болады. Тұсаукесер барысында ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков атқарылған жұмысқа оң баға беріп, өзара қарым-қатынас жұмыстарын басқару аппараты департаменті мен құрылымдық бөлімшелер арасында реттеуді тапсырды. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх