Жаңа нысан пайдалануға берілді

Жаңа нысан пайдалануға берілді
19.01.2018
184
Өндіріс

Жаңа нысан пайдалануға берілді

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі Мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының өндірістік базасының құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда, басқармада 328 қызметкер жұмыс жасайды. Осы уақытқа дейін әр жерде орналасқан басқарманың 5 цехы мен 2 учаскесі жаңа нысанға көшіп, жұмыстарын бастап кетті.
Өзен кенорны үшін маңызды нысан болып саналатын аталмыш базаның ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. «Елбасымыз күні кеше Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің әлемдегі озық 30 елдің қатарына ену үшін маңызды салалардың бәріне жаппай озық технологияларды енгізу қажет екендігін айтқан болатын. Өзенмұнайгаздықтардың Жаңа жылды жаңа технологиялармен жабдықталған жаңа нысанмен бастағаны – мұнайшылардың Елбасымызды сөзімен ғана емес ісімен де қолдағаны деп түсінгеніміз жөн. Бүкіл әлем озық технологияларды меңгеріп жатқанда, қазақ елінің бұдан шет қалатын жөні жоқ», – деді облыс басшысы. Салтанатты жиынға қонақ ретінде шақырылған мұнай саласында өз қолтаңбасын қалдырған ардагер-мұнайшы Болатбай Қарамұрзаев құттықтау сөз сөйлеп, өздері жұмыс жасаған кезең мен қазіргі жағдайдың айырмашылығының жер мен көктей екендігін тілге тиек етті. Нысанның символикалық кілтін мердігер «SM TRADE CONSTRUCTION» ЖШС бас директоры Алексей Докучаев МӨҚжТКЖБ директоры Нұрлан Көшкімбаевқа салтанатты түрде тапсырды. Жаңа нысанның лентасын «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Бекзат Абайылданов пен ардагер-мұнайшы Болатбай Қарамұрзаев қиды.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх