2018 жылы Ембіде мұнай өндіру көлемі өседі

2018 жылы Ембіде мұнай өндіру көлемі өседі
19.01.2018
82
Өндіріс

2018 жылы Ембіде мұнай өндіру көлемі өседі

«Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде басқару аппаратының басшылық құрамы қатысқан аппарат жиналысы өтіп, онда 2017 жылдың қорытындысы мен 2018 жылдың міндеттері талқыланды. Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков атап өткендей, 2017 жыл­ға қойылған 24 міндет 85%-ға орындалды. Қал­ған міндеттер белгілі объективті себептермен орындалмады. Соның ішінде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттардың алынбауы да себеп болды. «2018 жыл Ембі үшін күрделі кезең болмақ, себебі, Компания алғаш рет мұнай өндіру көлемін 55 мың тоннаға өсіруді жоспарлап отыр. Бұл міндет басқару аппараты мен құрылымдық бөлімшелердің ұжымдарынан алға қойған міндеттерді, жоспарланған өнім өндіру көрсеткішін орындауда тиімді әрі бірігіп еңбек етуді талап етеді», – деп атап өтті Ә.Жақсыбеков. 
Компания басшысы ұжым алдында 2018 жылы 32 міндетті орындау мақсаты тұрғанын айтып, соларды орындауды тапсырды, соның ішінде:
■ 3577 келісімшарты бойынша IV тоқсанда ұңғымаларды терең бұрғылауды бастау;
■ НСВ -3 және озық НСВ 1011  ұңғымаларды  бұрғылауды бастау;  
■ Ембі-5 алаңында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге келісім құжаттарын алу;
■ Инвестициялық комитетте газпоршен стансасы жобасын қарау және іске қосу  жұмыстарын жылдамдату; 
■ «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Забурын кен алаңындағы полимерлік сулану жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыру; 
■ АҚ бойынша өндірістік құрылымдық бөлімшелерде геологиялық-техникалық шараларды орындауға бақылауды күшейту;
■ Бекітілген бағдарлама аясындағы сандық кен алаңы мен Басқарудың интеграцияланған жүйесі қондырғысы бойынша жұмысты жалғастыру; 
■ 2019-2022 жылдар аралығындағы күрделі құрылыс бойынша жобалық құжаттарды бірегейлендіру; 
■ Техникалық қамту және жабдықтарды өңдеу (ТОРО), материалдық-техникалық қамту барысын оңтайландыру (МТО) жобалары бойынша жұмыстарды  өндірістік  құрылымдық бөлімшелерде жүзеге асыру; 
■ Жерасты суын өңдеу және пайдаға жарату бойынша  өндірістік-тәжірибелік  зерттеу жұмыстарын бастау; 
■ Өндірістік құрылымдық бөлімшелердегі әлеуметтік нысандарды жаңғырту мен  жұмысшылардың еңбек ету жағдайын жақсарту;  
■ Еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік бойынша шаралардың тиімділігін арттыру;
■ Көлікпен қамту үдерісінің жекелеген есеп және қамту жүйесін оңтайландыру жобасын енгізу;
■ Жергілікті жерлерде тәртіпті күшейту және тағы да басқа міндеттерді жүзеге асыру көзделеді. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх