«Мұнайлы мекен» газетіне ребрендинг жасалды

«Мұнайлы мекен» газетіне ребрендинг жасалды
19.01.2018
148
Жаңалықтар

«Мұнайлы мекен» газетіне ребрендинг жасалды

2005 жыл

 

2009 жыл

2012 жыл

 

2017 жыл

 

2018 жыл

 

Құрметті оқырмандар!

Жаңа жылда Сіздермен қауышып отырғанымызға қуаныштымыз.
«Мұнайлы мекен» газетінің 2018 жылдағы алғашқы саны жаңа форматта жарыққа шықты. Оқырманға мазмұнды және көрнекілік жағынан тартымды басылым ұсыну – басты мақсатымыздың бірі. 
Биылғы жылы корпоративтік газетке ребрендинг жасалды. Бұл жолғы ерекшелік – газет атауы латын графикасымен жазылды. Өздеріңізге белгілі, елімізде қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшіру туралы 2017 жылдың 26 қазанында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құру, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз ету және тағы басқа шаралар қабылдау жүктелген болатын. Елбасының өткен жылдың сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деп атап көрсетілді.
Міне, осылайша, мұнайшылар басылымы да уақыт ағымымен үндесіп, жаңа форматта оқырманға жол тартты. 
Сіздермен бөлісетін тағы бір жаңалығымыз – «Мұнайлы мекен» газетінің ребрендингі шеңберінде басылымның жеке QR-коды (штрих-коды) жасалды. QR-кодты пайдалану үшін мобильді құрылғыңызға (смартфон немесе планшетке) интернеттен арнайы бағдарламаны жүктеп алу қажет. Бағдарламаны іске қосып, штрих-кодты сканерлеу арқылы газеттің онлайн нұсқасын оқи аласыз.   


Газетті одан әрі жақсартуға қатысты ой-пікірлеріңізді Zh.Temirgali@kmgep.kz электрондық адресіне жолдауларыңызға болады. 

Хабарласыңыз, оқырман! Сіздердің ой-пікір, ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды! 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх