Еңбек түбі – береке

Еңбек түбі – береке
25.12.2017
195
Қызметкерлер

Еңбек түбі – береке

«Өзенмұнайгаз» АҚ, №2 Мұнай-газ басқармасы 43 топтық қондырғының шебері Мырзахан Айбергенов мұнай саласында 23 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ол жұмысты барынша тиімді ұйымдастыруды өзінің міндеті деп біледі. «Бүгінгі күні компаниямызда жұмысшылардың еңбегін бағалау, жақсы көрсеткішке жеткен жандарды көпке үлгі ету, еңбегіне сай құрмет көрсету үрдісі қалыптасты. Жыл сайын үздіктер сайысының өткізілуі – осының куәсі», – деді ол өз сөзінде.
2007 жылдан бері жұмыс жасайтын слесарь-жөндеуші Қалдыпалуан Жөнеуов «өндірістің ыстық-суығына шыдаған адам ғана істің тілін табатынын» айтады. 
Берік Қарамұрзаев, Жәния Сеңгірәлина, Нұрбек Тілеуов, Бегалы Қаржаубаев, Оразбай Тұрсынбай сияқты білікті мамандардан құралған еңбек ұжымы «қыста пана, жазда сая болатын мәдени үйшіктерінің ескіргенін» алға тартты. Осыдан 2 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткізілген мәдени үйшік расында да жаңартуды күтіп тұр. 
Аталмыш нысанды салу жоспарда бар екендігін айтқан шебер «компаниямыздың әл-ауқаты, тұрмыс дәрежесі жыл өткен сайын жақсарып, жұмыскерлердің көңіл-күйінде ертеңгі күнге деген сенімділік күшейе түсуде», – деді. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх