Қаражанбас мұнайшылары марапатталды

Қаражанбас мұнайшылары марапатталды
25.12.2017
83
Қызметкерлер

Қаражанбас мұнайшылары марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Қаражанбас кен орнында салтанатты жағдайда аталып өтті. Мұнайшы қауымды «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші Вице-президенті Сүйіндік Алдашев құттықтап, «Қаражанбас» компаниялар тобында еңбек етіп жүрген бір топ жұмысшыға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ және «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығының Алғыс хатын табыс етті. Сонымен бірге «Қаражанбасмұнай» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Батырғали Серікбаев өндірісте ерен еңбегімен еленген жұмысшыларға кәсіподақ атынан Алғыс хаттарды тапсырды. 
Бұл жолы мұнайшылар үшін ерекше тарту жасалды. Салтанатты марапаттаудан соң Әлеуметтік жұмыс департаментінің мамандары шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх