«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» мәдени кілті қандай?

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА»  мәдени кілті қандай?
25.12.2017
70
Экономика

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» мәдени кілті қандай?

Желтоқсанның 14-і күні Астанада «Самұрық-Қазына» мәдени кілті. Reinvention» кеңейтілген отырысы өтті. Онда корпоративтік құндылықтардың маңызы және оның компания қызметінің тиімділігіне ықпалы туралы сөз болды. Іс-шара Қордың құндылықтарын паш етуге, кері байланыс орнатуға, сондай-ақ трансформация бағдарламасы аясындағы қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталды. Отырысқа  «Самұрық-Қазына» Қоры мен қоржынды компаниялардың топ-менеджерлері, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.  Холдингтің алдағы бес жылға мақсат етіп отырған бағыттары мен жоспарлары белгіленді. 
Кеңейтілген отырыс Қордың корпоративтік құндылықтарын, атап айтқанда, «Әріптестік, сыйластық, тұтастық, меритократия, кемелдік» тақырыбындағы бес сессияны қамтыды. Яғни, Қордың негізін қалаушы құндылықтары бұл – әріптестік, сенімді қарым-қатынас орнату, сыйластық қағидалары бойынша әрекет ету, заңдарды сақтап, дәстүрді құрметтеу, жүктелген міндеттерді орындау, әрқашан әділ болу, лайықты кәсіби мамандарды таңдау, мәртебесіне қарамастан, әркімге өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру, үздік тәжірибелер мен технологияларды пайдаланып, тиімді әрі жоғары сапалы қызмет атқару, үнемі алға қарай ұмтылып, жетіліп, Қорды дамытуға күш салу. Іс-шара өзара пікіралмасу форматында өтті. 
Холдинг қызметкерлері және стратегиялық серіктестері, Директорлар кеңесінің мүшелері, қоржынды компаниялар өкілдері трансформациядағы корпоративтік құндылықтардың рөлін талқылады. Топ менеджерлердің пікірінше, корпоративтік мәдениет қордың тиімді басқарушы ұйым мәртебесіне қол жеткізуіне мүмкіндік беретін «локомотив» болып табылады. Трансформация бағдарламасының мақсаты – компаниялар тиімділігін арттыру екені баса аталды. Бұл бағыттағы жұмыстарды үш компоненттің сапасын арттыру есебінен жүзеге асыру жайында сөз болды.  Атап айтқанда, бұл - қызметкерлер, бизнес процестер және технология бағыттары. Корпоративтік құндылықтарды құруда қызметкерлер бойынша бағыт маңызды рөлге ие.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх