«ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС» ЖШС мамандары марапатталды

«ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС» ЖШС мамандары марапатталды
25.12.2017
141
Қызметкерлер

«ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС» ЖШС мамандары марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде салтанатты жиын өтті. Мереке қарсаңында бірқатар мамандар серіктестік атынан және «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ-ның атынан алғыс хаттармен марапатталып, төсбегілерге ие болды.
«ӨзенМұнайСервис» серіктестігінің бас директоры Нұрсейіт Союнов ұжым қызметкерлерін мерекемен құттықтады. «Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет атанғанына биыл 26 жыл толып отыр. Құдайға шүкір, қазіргі таңда қазақ елін  әлем таныды. Еліміз қоғамның барлық саласында қарқынды дамып келеді. Жас мемлекетіміз одан әрі дами берсін. Жеңісті, жемісті күндеріміз көп болғай! «ӨзенМұнайСервис» серіктестігінде де әрдайым ынтымақ болып, жетістік шыңдарын бірге бағындыра берейік! Тәуелсіздігіміздің ғұмыры мәңгілік болғай!» – деді өз сөзінде серіктестік басшысы.
Айтулы мерекеге орай өткен шарада бірқатар мамандар кәсіби шеберлігі, жемісті еңбегі және мұнай-газ саласының қалыптасуына қосқан үлесі үшін «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және«ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ басшылары атынан Құрмет грамотасы және төсбелгілерімен марапатталды. Тәуелсіздік күніне орай серіктестікте ұйымдастырылған спорттық шараларда топ жарған қызметкерлер де қошеметке ие болды. Сонымен қатар, серіктестіктегі «Кәсіподақ» ұйымы мен «Жас мамандар» кеңесі тарапынан да бірнеше мамандарға алғыс хаттар табысталды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх