Мұнайшылар марапатталды

Мұнайшылар марапатталды
25.12.2017
181
Қызметкерлер

Мұнайшылар марапатталды

16-желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Өзенмұнайгаз» АҚ бір топ қызметкері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ Құрмет грамоталарымен, ескерткіш белгілерімен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Мұнайшыларды бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров және кәсіподақ ұйымының төрағасы Наурыз Сақтағанов құттықтады. 
«Тәуелсіздік – біздің басты қазынамыз! Бар қазаққа оны көздің қарашығындай сақтау міндет! Баршаңызды ұлық мерекемен құттықтаймын», – деді М.Ибағаров. 
Салтанатты жиында «Керуен» тобы және әріптесіміз Жаңыл Қойшыбаева патриоттық тақырыптағы әндерді шырқады. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх