Тәуелсіздік мерекесі аталып өтті

Тәуелсіздік мерекесі аталып өтті
25.12.2017
172
Қызметкерлер

Тәуелсіздік мерекесі аталып өтті

Желтоқсанның 15-і күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Шарада Компанияның Бас директоры Қ.Есқазиев жиналған ұжымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді. 
Мұнан соң еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлерге марапаттар табыс­тады.  


Компанияның омбудсмені Б.Иманғалиев «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды. ҚМГ БӨ Құрмет грамотасы мен Алғыс хатымен марапатталғандар арасында бас директордың орынбасары, басқарушы директорлар, департамент директорлары, департамент директорларының орынбасарлары, талдаушылар, мамандар бар.  
Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасты. 

Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Ембімұнайгаз» АҚ-да Қоғам мұнайшыларының басын қосқан салтанатты жиын өтіп, Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков жиынға қатысушыларды тарихи мәні зор мерекемен құттықтады. 
Тәуелсіздіктің бағы баянды болуына ембілік мұнайшылардың да қосқан үлесі сүбелі. Компания республика және облыс бюджеті алдындағы міндеттемелерін толықтай орындап отыр. Алдағы уақытта да Сіздердің еліміздің және Компанияның дамуына үлес қоса беретіндеріңізге сенімдімін. Баршаңызға денсаулық, береке-бірлік тілеймін, – деді ол. 
Тәуелсіздік мерекесіне орай көптеген мұнайшылар мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі, жоғары өндірістік көрсеткіші үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы және Естелік белгісімен, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Құрмет грамотасымен «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ С.Нұржанов атындағы кен орны жөндеушісі Б.Қапаров пен «Қайнармұнайгаз» МГӨБ механикалық-энергетикалық бөлім бастығының орынбасары Б.Шамай, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Б.Балжанов, «Доссормұнайгаз» МГӨБ Шығыс Мақат цех бастығының орынбасары А.Салиев, «Жайықмұнайгаз» №4 цех операторы А.Жанәділов, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Терең-Өзек цехының операторы А.Тлекешов, мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі, дуалды оқыту жобасын іске асыруға белсенді қатысқаны және қазақстандық мамандар дайындаудағы үлесі үшін «Қайнармұнайгаз» МГӨБ операторы С.Мұханов, «Жайықмұнайгаз» ұңғыларды зерттеу операторы Қ.Сүйінғариев, «Жылыоймұнайгаз» ұңғыларды зерттеу шебері А.Мұқанова, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Естелік белгісімен «Доссормұнайгаз» инженерлік-технологиялық қызмет жетекшісі А.Маңғыбаев, «Жайықмұнайгаз» №1 цех операторы И.Даутов, «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының автокөлік жүргізушісі  А.Алтынғалиев, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасымен «Ембімұнайэнерго» Дос­сор торабының монтері Т.Ғалиев, ӨТҚжЖК басқармасының Құлсары базасы күзетшісі Қ.Мырзабаев, «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен Келешек даму департаменті директорының орынбасары Ә.Каримов марапатталды. Жиын барасында мұнайшыларды Кәсіподақ комитеті төрағасы К.Шаңқанов және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сматуллин құттықтады. 
Мұнайшылар арасында тәуелсіздік күніне арналған осындай жиын «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚжЖК» басқармаларында Қоғам басқарушы директорларының қатысуымен өтіп, көптеген мұнайшылар мұнай саласын дамыту және елдің тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі үшін олар да «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы және Естелік белгісі, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх