Бас директор жас мұнайшылармен кездесті

Бас директор жас мұнайшылармен кездесті
18.04.2016
394
Трансформация

Бас директор жас мұнайшылармен кездесті

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров Компанияға қарасты басқармалардың жас мамандарымен кездесті. Кездесу барысында М.Ибағаров 2015 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік, әлеуметтік, қаржылық-шаруашылық қызмет, персоналды басқару және дамыту, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданындағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыру, ірі стратегиялық жобалар мен өзге де мәселелері төңірегінде әңгімелеп берді.

«Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сол себепті, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы қашанда алға дамуда, жетістіктерге жетуде, жаңа технологияларды өндіріске енгізуде жастарға арқа сүйейді. Заман талабы күнде өзгеріп, технология күрделеніп отырған мезгілде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы да уақыт көшінен қалмай дамуы тиіс. Біздің жас мұнайшыларымыз уақыт ағымымен бірге қозғалып, жұмыс істеуі керек. Жасмамандар кеңесі құрылған 3 жылда көптеген жұмыстар атқарылды. Алдағы кезеңде де біздер жас мұнайшылардың біліктілігін көтеруге, олардың жаңа бастамаларымен тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береміз. Жасмамандарға қатысты Компания саясаты алдағы уақытта кәсіпорынның өркендеуі мен жастар шығармашылығын қолдауға бағытталады» деді жиында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров.

Сонымен бірге, жиында «Өзенмұнайгаз» АҚ Жасмамандар кеңесінің төрағасы Бауыржан Бәйімбетов сөз сөйлеп, Кеңестің атқарылған жұмыстарымен болашақ жоспарлары туралы айтып өтті.

Жиын соңында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров 2013-2015 жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ Жасмамандар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Асқар Ноғаевқа алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстап, ризашылығын білдірді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх