ЕМГ: 9 ай қорытындысы

ЕМГ: 9 ай қорытындысы
11.12.2017
255
Өндіріс

ЕМГ: 9 ай қорытындысы

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков қаржылық-шаруашылық көрсеткіштер жөнінде 2017 жылдың 9 айы бойынша қорытынды есеп берді. Бүгінгі таңда Компанияда 41 кен орны бар, оның 9-ы консервацияда болса, 32 кен орнында мұнай өнімі тұрақты өндірілуде. Есепті кезеңде 2 116 877 тонна мұнай өндірілді. Соның ішінде «Жылыоймұнайгаз» және «Доссормұнайгаз» басқармаларында жоспар артығымен орындалған. Өндіріске арнаулы техникалар алу жұмысы жанданып, жаңа техникалармен толығуда. Биылғы жылы Жылыойда 17, Жайықта 15, Қайнарда 8, Доссорда 8 бірлік арнаулы техникалар алынған. Алдағы бесжылдықта ЕМГ бойынша бүкіл арнаулы техниканы түгел жаңарту жоспары қойылып отыр, өйткені қазіргінің басым бөлігі ескірген. Кеніштердің өнім беру көлемін ұлғайту мақсатында жаңа техникалар мен технологияларды өндіріске енгізу, геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыру, жаңа кеніштер ашу, Прорва тобы кен орындарына интеллектуалды кен орны жобасын енгізу сынды басқа да көптеген жобалар атқарылып жатыр. Жылдың жетістігі ретінде Прорва тобы кен орындары аумағында жаңа зауыт – газды кешенді дайындау Қондырғысының іске қосылуын атауға болады. Қуаттылығына сәйкес жылына 150 млн. м3 газ дайындалады. Бұл екінші жағынан экологиялық мәселені оң шешіп, алауды отқа жағуды тоқтатты. Кәсіпорында енді газпоршенді электрстанциясын салу көзделіп отыр. 9 айда сондай-ақ, мамандар дайындау, әлеуметтік сала бойынша да көптеген істер атқарылды.   
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх