ҚМГ БӨ 2018 жылдың бюджетін және 2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекітті

ҚМГ БӨ 2018 жылдың бюджетін және  2018-2022 жылдарға арналған  бизнес-жоспарды бекітті
11.12.2017
358
Өндіріс

ҚМГ БӨ 2018 жылдың бюджетін және 2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекітті

Желтоқсанның 4-і күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесі 2018 жылдың бюджетін және 2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекіткені туралы хабарланды.ҚМГ БӨ-нің тәуелсіз директорлары 2018 жылдың бюджетін және 2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекіту мәселесі бойынша дауыс беруден қалыс қалды.  
2018 жылдың бюджеті Брент сұрыпы мұнайының барреліне 55 АҚШ доллары мөлшеріндегі бағасының және АҚШ долларына 340 теңге бағамының болжамына сәйкес жасалды.  
2018-2022 жылдары Компанияның еркін ақша ағымы негізінен күрделі салымдардың ұлғаюымен ішінара өтелген мұнайдың дербес процессингі схемасының оң нәтижелеріне байланысты жағымды болады деп жоспарланады. 

Өндіру 

Өндірудің жоспарлы көлемі 2018 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да 5,6 млн тоннаны және «Ембімұнайгаз» АҚ-да 2,9 млн тоннаны құрайды. 
Жалпы өндірудің жоспарлы көлемі ӨМГ мен ЕМГ-де 2018 жылы 8,5 млн тоннаны құрайды, бұл негізінен 2017 жылы ӨМГ-де базалық өндірудің азаюы салдарынан 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарынан 2%-ға кем.  
«Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларының мұнай өндірудің жоспарлы көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 2018 жылы 3,4 млн тоннаны құрайды.
Бұл ПҚИ және ҚГМ-де күтілетін мұнай өндіру деңгейінің табиғи азаюына байланысты 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарынан 5%-ға кем.  
Компания 2022 жылға қарай ӨМГ мен ЕМГ-нің өндіру көлемдері тиісінше 6,2 млн және 3,0 млн тоннаға дейін өседі деп жоспарлайды.
Бұл ұңғымалардың ауыспалы қорымен жұмыс жасау жөніндегі кешенді шаралардың және қосымша геологиялық-техникалық іс-шаралардың есебінен 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарымен салыстырғанда жиынтықты 6%-ға артық. Сонымен қатар, ҚГМ, CCEL және ПҚИ-дің жалпы өндіру көлемі 2022 жылы 1,9 млн тоннаны құрайды, бұл ең бастысы ҚГМ мен ПҚИ компанияларында өндірудің табиғи жолмен тиісінше 64% және 66%-ға азаюы есебінен 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарымен салыстырғанда 46%-ға кем болады.  
Жалпы, ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2022 жылы ҚМГ БӨ-нің өндірудің жоспарлы көлемі 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарынан 9%-ға төмен.

 

Мұнайды ішкі нарыққа жеткізу 

ӨМГ мен ЕМГ 2018 жылы тікелей Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) 2016 жылдың сәуірінен бастап қолданыстағы мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес қайта өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу үшін мұнайдың жалпы сату көлемінің 36%-ын немесе 3,0 млн тоннасын (тәулігіне 60 мың баррель) жеткізеді деп жоспарланады.    
2018 жылы ішкі нарыққа жеткі­зілетін 3,0 млн тонна мұнайдың 1,9 млн тоннасы АМӨЗ-ге және 1,1 млн тоннасы ПМХЗ-ға жөнелтілетін болады.   
2019-2022 жылдары ӨМГ мен ЕМГ ресурстарынан ішкі нарыққа мұнай жеткізу үлесі орта есеппен жалпы сату көлемінің 33%-ын құрайды деп жоспарланады. 
Бұдан бұрын хабарланғандай, АМӨЗ бен ПМХЗ-да жаңғырту бағдарламасының жоспарлы аяқталуынан кейін 2018 жылы ақшыл түсті мұнай өнімдерін өндіру үлесі жоғарылайды, ал 2018 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап АМӨЗ-де мұнай химиясы өнімдерінің өндірісі тағы да қосымша ұлғаяды. 2018 жылдың бюджеті қазіргі деңгеймен салыстырғанда мұнай өңдеу тарифтерінің АМӨЗ-де шамамен 28%-ға және ПМХЗ-да 5%-ға өсуін ескеріп отыр. Анықтама үшін, мұнай өңдеу тарифі АМӨЗ-де 2017 жылдың сәуірінен бастап тоннасына 24 512 теңгені және ПМХЗ-да 2017 жылдың тамызынан бастап тоннасына 16 417 теңгені құрайды. Бұл ретте, байланысқан тараптармен шарт жасасу мәселесі Компанияның Директорлар кеңесінің жеке қарауына жатады.   
ҚГМ, CCEL және ПҚИ-дің ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізудің жоспарлы көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 2018 жылы 1,6 млн тоннаны немесе осы компаниялардың жалпы сату көлемінен шамамен 49%-ын құрайды. 
2019 – 2022 жылдары ҚГМ, CCEL және ПКИ-дің ішкі нарыққа мұнай жеткізу үлесі осы компаниялардың жалпы сату көлемінен 50%-дан артық емес деңгейінде сақталады деп болжамданады.  

 

Күрделі салымдар 

Күрделі салымдар 2018 жылы 142 млрд теңге мөлшерінде жоспарланады, бұл 2017 жылға жоспарланып отырған күрделі салымдардан 4%-ға жоғары. 
Күрделі салымдардың ұлғаюы негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алумен және эксплуатациялық бұрғылауға шығындардың өсуімен байланысты, бұл іздеу-барлау мақсатында бұрғылауға және құрылыс-монтаждау жұмыстарына шығындардың азаюымен ішінара жабылды.  
Компания 2017 жылдың жоспары бойынша 191 ұңғымамен салыстырғанда 2018 жылы 213 ұңғыма бұрғыланады деп жоспарлап отыр. 
2019-2022 жылдардағы кезеңге күрделі салымдар орта есеппен жылына 118 млрд теңгеге жуық мөлшерде жоспарланған. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх