Трансформациялау – қызметкерлерді қысқарту емес

Трансформациялау – қызметкерлерді қысқарту емес
23.11.2017
398
Трансформация

Трансформациялау – қызметкерлерді қысқарту емес

Білікті мамандар – кез келген компанияның табыс кілті. Трансформациялау арқасында ұжымдағы қызметкерлермен қатар процестер және технологиялар алға басады. Бірақ кейбір желілік жетекшілер оның мақсаты мен мәнін бұрмалап, дұрыс жеткізбей отыр. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің пікірі осыған саяды. 
«Біз меритократияны ұстанамыз. Бұл басқарушылық топтағы біліктілігі төмен мамандарды ығыстыруға және ашық конкурс арқылы бәсекеге қабілетті кадрларды қабылдауға мүмкіндік береді. Біздің желілік менеджерлердің кейбірі трансформацияны жұмыстан қысқартумен байланыстырып, оның түпкі мәні мен мақсатын бұрмалап отыр. Қысқартулардың біздің өзгерістер бағдарламасымен ешбір сабақтастығы жоқ», – деп атап өтті Трансформация жөніндегі басқарушы комитеттің отырысында Өмірзақ Шөкеев.
Қор басшысының пікірінше, компанияның негізгі мақсатына байланысты әрбір лауазымның өзіндік рөлі мен орны болуы тиіс. Басты мақсат – «Самұрық-Қазына» АҚ тобындағы активтердің құнын арттыру. Кез келген лауазым оған жетуде қосқан үлесі бойынша бағалануы тиіс. 
«Job matching – ең тиімді процесс, бірақ оның өзіндік қиындықтары бар. Комиссия мүшелері қызметкерлердің лауазымға сәйкестігінін анықтауы тиіс. Бірақ көбі бұл талапқа сәйкес келмей жатады. Қордың бас кеңсесінде менеджерлердің жартысымен қош айтысуға тура келді. Бұл процестің компанияларда қалай жүзеге асырылатынына көңіліміз толмайды. Жетекшілердің көбі өздерінің ізбасарларын тартқысы келіп, объективті процеске субъективті белгілерді қосуға тырысады. Біз оған қарсымыз. Мұндайды байқасақ, нақты сол компанияда Job matching нәтижесін мойындамай, оны қайта өткізілуін», – деп мәселенің мән-жайына Қор басшысы тоқталды.
Трансформациялау – тек қана оңтайландыру ғана емес, қысқарту мақсатындағы қысқарту емес. Тек тиімсіз шығындар қысқартылады. Басқару деңгейі 9-дан 3-ке дейін азайтылады. Бизнес-процестердің реинжинирингіне басымдық беріледі. 
«Егер процестердің реинжинирингі жүргізілмесе, онда оларды дұрыс қалыптастыру екіталай. Нәтижесінде дұрыс емес процестер оңтайландырылады. Ал оның зардабы бірнеше есе ұлғая түседі», – деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.
Бұл бағытта ақпараттандыру жүйесін және кері байланысты күшейтуге баса назар аудару қажет. 
«Сыртқы және ішкі коммуникациялар, олардың әдісі аса маңызды. Трансформация – өсу бағдарламасы, тиімді жұмыс орындарын құру бағдарламасы екендігін әрбір қызметкерге жеткізу қажет», – деп түсіндірді Қор басшысы.
Аталған мақсат-міндеттерді орындау жолында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы трансформация бағдарламасының коммуникациялық стратегиясы әзірленді. Оның барысын Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының бас директоры Ербол Исмаилов айтып өтті.
«Орталық адамдар үшін және адамдар арасында дұрыс тетіктерді іске қосады. Біздің мақсат – қордың бастамаларын қоржындық компанияларға еш бұрмалаусыз жеткізу. Мысалы, жергілікті жерде қор және еліміз үшін маңызды жобаларды біліктілігі төмен менеджерлер тиісінше атқармай отыр. Олар көбіне өздерінің төмен кәсіби деңгейін трансформацияны желеу етіп бүркемелейді. Мұны «Самұрық-Қазына» АҚ-ның барлық тобы бойынша жасалған біздің зерттеулер дәлелдейді.», – дейді Ербол Исмаилов.
Трансформацияның экономикалық тиімділігін Активтерді трансформациялау және оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс бағамдады. 2016 жылы көрсеткіш 18 млрд. теңгеден асып жығылған. Биыл трансформациядан түсетін экономикалық пайда 31 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Алдағы 5 жылда оның көлемі 
1 трлн деңгейінде болмақ. 

Түсініктер

Job matching – барлық лауазымдарға талаптардың көрсетілуі және оларға, оның ішінде басқарушылық лауазымдарға қызметкерлердің сәйкестігі бойынша берілетін кәсіби баға. 
Меритократия – басқарудың қағидасы. Оған сәйкес басқарушылық лауазымдарға әлеуметтік және қаржылық жағдайына қарамастан, қабілетті адамдар тағайындалуы тиіс. 

 

Трансформация жөніндегі  басқарушы комитеттің отырысы:

 https://www.youtube.com/watch?v=TvlyrLtVXEA&feature=youtu.be

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх