Темірден түйін түйген Ерхан

Темірден түйін түйген  Ерхан
03.11.2017
458
Қызметкерлер

Темірден түйін түйген Ерхан

Бала күнінен еңбектің қазанында қайнап, істің ебін білген Ерханға темір жонушы мамандығын игеру қиындық туғызған жоқ. Машина жасау және металл өңдеу, металл кесуші құрылғылар маманы деген жоғары білімі бар. «Теория керек, ал тәжірибе жүзінде білу – одан да маңызды», – дейді Ерхан Сүгіров. 
25 жыл темір жонушы болған Ерхан бұл қызметке қатысты өзгелердің пікірін түбегейлі өзгерте алады. «Темір жонушы математикаға мықты болу керек. Есептемесең, еткенің еш. Химия мен материалтануды білмесең, апатты жағдайға апарар құрылғы дайындап бересің. Физиканы меңгермеген болсаң, металдың қасиетінен хабарсызсың. Қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын болсаң, цехқа кірмей-ақ қой», – дейді ол. 
Мамандығының қыр-сырын меңгерген Ерхан Сүгіров 2014, 2 015 жылдарда «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ еншілес мекемелері арасында өткен, яғни «Үздік маман» байқауларының 3-ші кезеңдерінің жеңімпазы. Екі жыл қатарынан 4 бірдей мекемеден дара танылған темір жонушыларды өзінің кәсіби білігі, шеберлігі, ұқыптылығы арқасында жеңді. 2017 жылдың байқауында да соңғы бөлімге жолдама алып, жеңімпаз атанды. Сайыста темір жонушыларға қойылатын сан талап – сапа, шапшаңдық, тазалықты ол мүлтіксіз орындайды. Ерханның жонған темірлері құдды темір емес, айна дерсің! Сапасына да талайлар сын айта алмаған.  
Жалақы үшін жұмыс жасайтындардан жақсы маман шықпайтынын айтады ол. Адалдық пен ізденімпаздық – барлық салада адамды алға сүйрейтін жақсы қасиеттер, – дейді. «Білгенім – бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз» дейтін Ерхан Сүгіров өзі қызмет ететін МӨҚжТКЖБ-ның бұрынғы темір жонушылары, қазіргі технолог мамандары Сүйіндік Ақжігітов пен Сырлыбай Мұхановты тек жұмыстас емес, рухтас, тілектес жандар деп біледі. Себебі әр жеңісті сәттерінде олардың ақыл-кеңестері пайдаға асып, қажетіне жараған. Ал өзі жұмыс барысында кейінгі жас мамандарға көмектесуден, білгенін үйретуден жалыққан емес. 
Барлық қозғалысы темірге «тірелген» мұнай-газ өндірісінде темір жонушының рөлі зор.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх