Жүргізушілер салауатты өмір салтын ұстанады

Жүргізушілер салауатты өмір салтын ұстанады
26.10.2017
345
Қызметкерлер

Жүргізушілер салауатты өмір салтын ұстанады

Транспорт қызметкерлерінің мерекесіне орай № 5 Сква­жина­ларға қызмет көрсету басқармасында спорттық сайыс өткізілді. Басқарманың 5 автотізбегі мен 4 бөлімшесі қатысқан спорттық шарада жұмыскерлер100 метр қашықтыққа жүгіріп, зіл тасын көтерді және арқан тартып күш сынас­ты.
Басқарма директоры Ақмұрат Бекенов, бас инженер Омар Елеш, кәсіп­одақ төрағасы Мәдихан Оңалдықов әріптестерін кәсіби мерекемен құттық­тады.
«Біз аталмыш шараны салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өткізіп отырмыз. Кез келген компанияның болашағы оның жұмыскерлерінің денсаулығына байланысты екендігі-дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.  Шараның мақсаты – басқарма жұмыскерлерінің ауызбіршілігін нығайтып, өзара сыйластығын артыру», – деді басқарма директоры. 
Өте жоғары деңгейде өткен спорттық шара жүргізушілерге көтеріңкі көңіл-күй мен шаттық сыйлады. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх