Спартакиада өз межесіне жетті

Спартакиада өз межесіне жетті
26.10.2017
466
Қызметкерлер

Спартакиада өз межесіне жетті

Ардагер мұнайшы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру кешенінде мұнайшылардың кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған Спартакиада өз мәресіне жетті.
Нәтижесінде, жігіттер арасында өткен волейболдан І орынға АжТБ, ІІ орынға № 2 СҚКБ, ІІІ орынға № 3 МГӨБ, ал шағын футболдан І орынға «ӨМС» ЖШС, ІІ орынға «КҚС» ЖШС, ІІІ орынға № 3 МГӨБ командалары ие болды. 
Ал қыз-келіншектер арасында өткен волейбол ойнынан І орынды №1 МГӨБ, ІІ орынды № 3 МГӨБ, ІІІ орынды ӨТҚжЖЖБ командалары қанжығаларына байлады. 
Қол күресінен 80 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Қуаныш Байбосынов (№ 3 МГӨБ) І орынға, Мереке Сәт (№ 1 МГӨБ) ІІ орынға, Әділет Елеусінов (БЖБ) ІІІ орынға, 80 келіден жоғары салмақта қатысқан Айтқали Мұсаев (№ 3 СҚКБ) І орынға, Тойлыбай Тұрғанбаев (№ 5 СҚКБ) ІІ орынға, Руслан Жұмағазиев (№ 3 МГӨБ) ІІІ орынға ие болды.
Қол күресі сайысынан қыз-келіншектеріміз де тыс қалған жоқ. 65 келі салмақтағы қол күресінен І орынға Айгүл Сабырова (№ 1 МГӨБ), ІІ орынға Ақмарал Жұбауова, 65 келіден жоғары салмақта І орынға Сәнім Мұратова (№ 3 МГӨБ), ІІ орынға Жеңісгүл Сүймағанбетова, ІІІ орынға Гауһар Нұрланова (ӨТҚжЖЖБ) ие болды.
Жігіттер арасындағы жүзуден І орынға Қуандық Өсеров (№ 4 МГӨБ), ІІ орынға Қуантай Жарылғапов (KMG EP-Catering), ІІІ орынға Ислам Қарабаев (ТТБ) ие болса, спорттың осы түрінен қыз-келіншектер арасынан І орынға Гауһар Жайылғанова (№ 1 МГӨБ), ІІ орынға Айжан Қожанова (№ 4 МГӨБ), ІІІ орынға Наталья Әжіғалиева ие болды. 
Маңызды шарада сөз сөйлеген «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров спорттың адам өмірі, денсаулығы үшін маңыздылығын атады. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх