«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІНДЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫ ЖАҢАРТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІНДЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫ ЖАҢАРТУ ЖОСПАРЛАНҒАН
23.10.2017
662
Өндіріс

«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІНДЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫ ЖАҢАРТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Серіктестіктің арнайы техникалары 10 жылдан астам уақыт пайдалану мерзімін өтеп, амортизациялық құны толықтай өтеліп, тозығы жеткендіктен жаңартуды қажет етуде. 

 

Барлық техникаларды жаңарту бір жылдың шеңберіне сый­майтындығына қарамастан, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС-і басшылығы арнайы техникаларды 2017-2018 жылдар аралығында жаңартуды көздеп, бір жылдық мерзімді қажет ететін жоспарды бекіткен болатын. Аталған жоспар «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ы басшылығы тарапынан қолдау тауып қаржы бөлінді. Ол қаражатқа «Кен-Құрылыс-Сервис» мекемесіне 25 дана арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. 
Атап айтқанда, төмен рамалы тіркеме (трал) – 1 дана, европалық заманауи дизельді дәнекерлегіш агрегат – 2 дана, жартылай автоматты дәнекерлегіш агрегат – 8 дана, экскаватор - жүк тиегіш – 1 дана, 25 тонналық автокран – 1 дана, гидравликалық металл иетін машина – 1 дана, металл иетін станок – 2 дана, бұрғылау-кран машинасы – 1 дана, құбыр салу көлігі (кранның жебесі 7 метр) – 2 дана, Италиядан шыққан өзін-өзі тиеуші бетон дайындауға арналған заманауи техника Carmix 3,5 ТТ – 1 дана.


Сондай-ақ, бетонды бұйымдар үшін: іргетас блоктарын дайындайтын құю қалыбы – 21 дана, жол плиталарын дайындайтын құю қалыбы – 2 дана, бетон сақиналарын дайындайтын құю қалыбы – 2 дана.
«Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігі басшы­лығы арнайы техникаларды жаңалауды өндірісті алға қарай дамытудағы алғы шарт ретінде назарда ұстап, көліктерді жаңарту үстінде. Жаңа техникамен мұнай өнімділігінің анағұрлым артатыны сөзсіз. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх