Жаса, еңбек адамы! «ӨзенМұнайСервис» ЖШС

Жаса, еңбек адамы! «ӨзенМұнайСервис» ЖШС
11.10.2017
550
Қызметкерлер

Жаса, еңбек адамы! «ӨзенМұнайСервис» ЖШС

Ерлан Бисенов, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС:

– 17 жылдан бері істеймін. Біз ПАП-60 көтергіш агрегатының пультінде тұрамыз. Көтеріп, түсіру операцияларының бәрін жүргіземіз. Жұмыс жағдайларымыз жақсы. Былтыр вагондарды жаңасына ауыстырды. Үлкен компания болдық. Әріптестерімді мерейтоймен құттықтаймын.

Ерболат Сақтапов, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС:

– Серіктестікте такелажник болып жұмыс істеймін. Біз бригадаларға құбыр, керек құрал -жабдықтарын тасимыз. Мекеме  өсіп келеді, бәрі де жақсы. Арнайы киім, бәрін уақытында беріп тұр. Мерейтойдың өтіп жатқаны өте ұнап тұр. 50 жылдықта бұдан жақсы болсын. ӨМС алдағы уақытта да жұмысы жемісті жалғаса берсін. Ынтымақ болсын. 

Ербол Бажиков, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС:

– Мен 32-ші бригадада шебер болып жасаймын. Бригада ұңғыларды күрделі жөндеу жұмыстарымен айналысады. Бәрі жақсы, ойдағыдай атқарып жатырмыз. Жұмысқа барлық жағдай жасалған. Қазақстаннан шығып жатқан жаңа станоктар қолданылады. Ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарының 45 жылдық мерейтойы жақсы өтуде. Өте ұнап жатыр.

Айгүл Жолдыбаева, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС ӘСжШҚБ бастығы:

– Еңбекті, өткен тарихты дәріптеп, келешекке үлгі етіп отырған мұндай шаралар өте керек. Өйткені, бұл ұжымның ауызбіршілігіне, татулығына, барлығымыз бір командада жұмыс жасап, ынтымақ-бірлікте болуға шақырады. Алға қарай басқа да осындай мерекелерді бұдан да жақсы етіп өткізуге атсалысамыз деп ойлаймын. Барлық әріптестерімді, бұрынғы істеп кеткен зейнеткер ардагерлерімізді барлығын өндіріс үшін маңызды қызмет – ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарының 45 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Барлығына денсаулық тілеймін. Отбасымыз аман, аспанымыз ашық, мұнайымыз көп болып, еңбегіміз алға баса берсін дегім келеді.

Маршак Төлегенов, ӨзенМұнайСервис» ЖШС:

– Негізі жұмысқа ҰКЖБ болып тұрғанда 1990 жылы орналасқанмын. Содан бері жасап келемін. Құрылымдық өзгергенмен осы салада еңбек етіп келемін. Қазір ӨМС-те 45 бригада бар. Соның ішінде 9-шы бригаданың шебері болып істеймін. Ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Мекеме жылдан жылға көркейіп келеді. Вагон жаңа, тамақтар жақсы. Былтыр 6 ай бір аптадан жіберіп, шеберлерді оқытты. Көмегі тиіп жатыр. Технология дамып келе жатыр, соған байланысты оларды қолдануға үйретіп, оқытып жатыр. Кәсіби біліктілікті көтеру өте дұрыс. Мекеме үлкейгесін нығая түседі. Күрделі жөндеу жұмыстарына 45 жыл толды. Мұнайшыларға, Өзен мұнайшыларына, халқымызға той құтты болсын. Компания бәсекеге төтеп беретін мықты кәсіпорын болсын. 

Наурызбек Алтанов, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС:

– Скважиналарды күрделі жөндеу және қабат өнімділігін арттыру мекемесінің ашылғанына 45 жыл болса, соның 28 жылында осы салада жұмыс істеп келемін. Ол кездегі ағаларымыз зейнетке шығып жатыр. Біз өзімізді екінші буын деп есептейміз. Бұрғышының көмекшісі болдым. Одан кейін бұрғышы, сосын шебер болдым. Қазіргі кезде ауысым бастығы болып істеп жүрмін. Бригадалар тоқтамай күндіз-түні істейді. Күндіз-түні техникаларын, кейде құрал-жабдықтарын беріп жұмысын қамтамасыз етеміз. Еңбекке қолайлы жағдай жасалған.  Мерейтой  құтты болсын. Деніміз сау болсын. Аманшылық болсын.

Гүлшат Базылбекова, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС:

– Мен реттеуші оператор болып істеймін. Барлық ұжымдастарымды мерекемен құттықтаймын. Біздің өміріміздің көбі осы жұмыста өтеді. Сондықтан еңбек орныңның жөні бөлек, ыстық. Компания өсіп-өркендей берсін.

Александр Нұржаубаев, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС:

– Мен шебер болып жұмыс жасаймын. Көп жылдан бері еңбек етемін. Осындай мерейтойды ұйымдастырушыларға рахметімді айтамын. Бәрі тамаша. Ұжымдастарымды құттықтаймын. Еңбектері жемісті болсын. Бұл бәрімізге ортақ мереке!

Тарас Кулқаев, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС:

– Көп жылдан бері күрделі жөндеу бригадасында жұмыс істеймін. Шебер болып еңбек етемін. Жұмысымыз жақсы. Мекеме үлкен компанияға айналды. «ӨзенМұнайСервис» ЖШС болғалы ұнайды. Осындай шаралар жиі болып тұрады. Басшымыз Нұрсейіт Союновқа рахмет. Жақсы көтеріп жатыр. Компания алдағы уақытта да жақсара берсін.

Сәбит Бердімұратов, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС:

– Университет бітіргелі осы мекемеде еңбек етіп келемін. Өзіме ұнайды. Шебер болып жұмыс істеймін. Алдағы уақытта да табысты еңбек етейік. Мұнайымыз таусылмасын. Компаниямыз болашақта да өрлей берсін.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх