Жарыс жақсы өтті. «Үздік маман-2017»

Жарыс жақсы өтті. «Үздік маман-2017»
11.10.2017
352
Қызметкерлер

Жарыс жақсы өтті. «Үздік маман-2017»

Әлібек Ғабдулғазиев, 
«Ембімұнайгаз» АҚ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ Шығыс Мақат кенорны 4-ші дәрежелі жерасты қабат қысымын сақтау операторы:

– «Қаражанбасмұнай» АҚ базасында өткен «Үздік маман-2017» ақтық сайысына, әрине, сатылы сыннан өткен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының еншілес мекемелерінің шеберлері» жиналды. Бұл жолы 11 номинация бойынша үміткерлер өз бақтарын сынаған болатын. Мен өз мамандығым – жерасты қабат қысымын сақтау бойынша сайысқа қатыстым. Бұған дейінгі цехаралық және басқармааралық бірінші, екінші деңгейлі жарыстарда 1-ші орынды алып келгенмін. Биылғы ақтық сайыста 3-ші орынды иелендім. Әрине, сүрінбейтін тұяқ болмайды ғой. Бірақ мен осы биігіме де ризамын. Мұнай саласында еңбек етіп келе жатқан жылдарымда өз ісімнің шебері болуды мақсат тұтатынмын. Сондықтан да соңғы жылдары сайысқа қатысудан тартынғаным жоқ, нәтижесі де жаман болмады. Жалпы, әркім де өзінің білімі мен біліктілігін сайыста дәлелдеуі тиіс қой деп есептеймін. Әрі ысылады, әрі шыңдалады. Ұлттық компания деңгейіндегі сайыс жоғары дәрежеде өтті. Соған қатысуға итермелеп, ұсыныс білдірген Шығыс Мақат кенорны цех басшысы Х.Омаровқа, «Доссормұнайгаз» басқармасының бас инженері Н.Мұқановқа, ЦИТС бөлім басшысының орынбасары А.Салиевке, «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығына ризашылығымды білдіремін. Сол арқылы өзіме деген сенімділігім артты.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх