Еңбек қауіпсіздігін сақтау – басты талап

Еңбек қауіпсіздігін сақтау – басты талап
28.09.2017
392
Еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігін сақтау – басты талап

«Ембімұнайгаз» АҚ «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның еңбекті қорғауды бірыңғай басқару жүйесі негізінде, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жұмысқа ынталандыру мақсатында жыл сайын қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, өндірістегі эстетика мен мәдениетті арттыру, негізгі және қосымша өндірістегі ұжымдарының арасындағы өндірістік жарақатты азайту жұмыстарын үздік ұйымдастыру бойынша байқау қорытындысын шығарды.

Аталған шараға акционерлік қоғам басшылығы, мұнайгаз өндіру басқармалары мен қосалқы құрылым басшылары, орталық басқару аппараты ұжымы қатысты. Жиынды ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат Ғабдуллин ашты:
– Компания өндірісте төтенше оқиғалардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру бағытында кешенді жұмыстарды атқарып келеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп «Алтын ереже» жасақталды. 2015 жылдан бастап мәліметтерді басқару корпоративтік-ақпараттық жүйесі енгізілді. Жүйенің мақсаты – еңбекті қорғау, өндірістік және өрт қауіпсіздігі бойынша өндіріс алаңдарында жүзеге асып жатқан жұмыстарды ашық көрсету. Өндірісте анықталған барлық  сәйкессіздіктердің алдын алу дер кезінде талқыланып келеді, – деді ол.  
Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры Дәрмен Төреғалиевтің баяндағанындай, өткен жылы Қоғам бойынша 1 өндірістік оқиға, яғни  жеңіл жарақат орын алған. Ал биылғы жартыжылдық бойынша 1 жазатайым оқиға болып, ол өлімге апарып соқтарған. Комиссия шешімі бойынша оқиғаның орын алуы жұмысшының кінәсінен деп табылғанымен, ол Компанияның да, жауапты адамдардың да жауапкершілігін жеңілдетпейді. Жиын барысында Компанияға қарасты алты өндірістік бөлімше мен бөлім басшылары және еңбек пен қоршаған ортаны қорғау тобының жетекшілері сөз алып, еңбек қорғау мәселелері бойынша жасалған жұмыстарды айтып, оның жақсарту бағытындағы өз ойларын айтты. Ең бастысы – қауіпсіздікке аса сақтықпен қарау қажеттігі баса айтылды. Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ.
Сондай-ақ, жиын барысында өткен жылы еңбекті қорғау, өндіріс мәдениеті мен эстетикасын қалыптастырудағы Компанияның өндірістік-құрылымдық бөлімшелері арасында номинациялар бойынша өткізілген байқаудың жеңімпаздары анықталды. Марапат иелерін Компанияның Басқарма төрағасының орынбасары А.Ғабдуллин құттықтап, диплом мен ақшалай сертификаттарды табыстады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх