Бала тілегі – суретте!

Бала тілегі – суретте!
28.09.2017
354
Әлеумет

Бала тілегі – суретте!

Ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарына 45 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелелік шаралар легі балалар арасында өткізілген сурет байқауымен жалғасты. Байқау «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлері балаларының арасында өткізілді. Балалар аталмыш мерекеге орай өз тілектерін қылқаламынан төгілген бояулары мен бейнелері арқылы жолдады. Байқауға 7-14 жас аралығындағы 11 үміткер қатысты. Нәтижесінде 10 жастағы Жағалбай Ақерке есімді бүлдіршін І орынға лайық деп танылды. Ал ІІ орынды Меңдібай Нұрxан есімді үміткер иеленді. Байқаудың ІІІ орнын 11 жастағы Айтберген Мөлдір жеңіп алды. Байқауға қатысушы үміткер 10 жасар Қайрақбай Сұлтанбек өз туындысымен көрермен көзайымына ие болды.  

I орын 

ІІ орын

ІІІ орын

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх