Отбасылық сайыс қызыққа толы болды

Отбасылық сайыс қызыққа толы болды
28.09.2017
243
Әлеумет

Отбасылық сайыс қызыққа толы болды

Скважиналарды күрделі жөндеу жұмыстарына 45 жыл толуына орай «ӨзенМұнайCервис» ЖШС ұйымдастыруымен «Әке, ана және мен» көңілді старт ойыны өткізілді. Спорттық шарада мекеме қызметкерлерінің отбасылары сайысқа түсті.

Шарада мекеме басшылығы атынан сөз сөйлеген «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің бас директорының бірінші орынбасары Орынбек Тарғынов қызметкерлерді атаулы мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. 
 Қызметкерлердің отбасы жеке топ болып өнер көрсеткен спорттық бәсекеде 4 отбасы бақ сынасты. Ойын 5 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әр топ шеңберден өту арқылы шапшаңдықтарын танытса, екінші кезеңде баскетбол добын соғу арқылы алаңға кіріп, допты нысанаға бағыттау арқылы мергендік қасиеттерін ортаға салды. Үшінші кезеңде спортшылар футбол ережесіне сәйкес ойын көрсетіп, допты туралап қақпаға салса, төртінші кезеңде допты тепе-теңдікте ұстап отырып, бір аяғымен соғу арқылы ұпай жинады. Ал, байқаудың бесінші кезеңінде топ мүшелері кезегімен қапшықпен секіру арқылы белгіленген межеге жетіп отырды. Бұл кезеңде спортшылардың тиянақтылығы бағаланды. 
Тартысты ойын нәтижесі бойынша Таңатаровтар отбасы жеңімпаз атанды. Ал, ІІ орын Қалмұхановтар әулетіне бұйырса, ІІІ орынды Жұбановтар жанұясы иемденді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх