Қайырымдылық шараларын өткізді

Қайырымдылық шараларын өткізді
28.09.2017
396
Әлеумет

Қайырымдылық шараларын өткізді

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қыркүйек айында Жаңаөзен қаласындағы «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірқатар мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай өткізілген қайырымдылық шараларында серіктестік қызметкерлері өз есебінен  мүжәлсіз отбасылардың коммуналдық қызмет ақыларын төлеп берді. Сонымен қатар, жағдайы төмен он отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз етті. 
«Мектепке жол» акциясы шеңберінде 16 оқушыға оқу құралдары және спорттық киімдер, қысқы киімдер мен аяқ киімдерді сыйға тартты. Және де «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нде еңбек етіп, өмірден өткен қызметкерлердің отбасыларна да қаржылай көмек көрсетілді. 
Айта кетерлігі, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-де бұндай шаралар жиі өткізіледі. Жыл басынан бері серіктестік қолдауымен 10-ға жуық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған. Ұжым арасында бұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.   

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх