Мұнайшылар игілігіне – жаңа нысан!

Мұнайшылар игілігіне – жаңа нысан!
28.09.2017
173
Өндіріс

Мұнайшылар игілігіне – жаңа нысан!

Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Өзенмұнайгаз» АҚ, №3 МГӨБ-ына қарасты №60 Топтық қондырғының заманауи үлгісіндегі тұрмыстық-шаруашылық кешені бой көтеріп, мұнайшылар игілігіне берілді. 

№3 Мұнай-газ өндіру басқармасының директоры Жеңісбек Сүлейменов әріптестерін құттықтай отырып, еңбекке қолайлы жағдай жасау арқылы өндірісте үлкен жетістікке жетуге болатындығын ерекше атап өтті. 
Жаңа нысанның лентасын басқарма директоры Жеңісбек Сүлейменов пен «Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігінің директоры Салтанат Ысқақов қиды. Жақсылыққа бастар игі істер көп болсын деп Жеңісбек Сүлейменовке тұрмыстық-шаруашылық кешенінің символикалық кілті салтанатты түрде табыс етілді. 


№3 МГӨБ-да 43 жылдан бері абыройлы еңбек етіп келе жатқан Сағыныш Қошанов «Жаңа нысанның салынуы көңілімізді көтеріп тастады. Заман талабына сай тұрмыстық-шаруашылық кешені салып берген және өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарған «Кен-Құрылыс-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымына алғыс айтамыз», – дейді. 
Айта кетейік, модульді ғимараттарды құрастыру үшін «Кен-Құрылыс-Сервис» мекемесі биыл арнайы сертификат алды. Қазіргі уақытта компания модульді ғимараттарды құрастыру бағытында қазақстандық тауар өндіруші қатарында. 
«Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігі құрастырған тұрмыстық-шаруашылық кешенінің ерекшелігі автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылған. Өрт немесе ғимаратқа газ толған кезде инженерлік-техникалық қызмет орталығына (ЦИТС) автоматты түрде тікелей хабарлайды және ғимарат ішіндегі ауаның алмасу жүйесі қосылып адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелері лезде дабыл қағады. Ғимараттың ауласына және ішіне қондырылған инновациялық бейне бақылаудың функционалдық мүмкіндіктері мол. Күзетілетін аумақтағы жазбаны және ағымдағы трансляцияны топтық қондырғының мұрағат орталығынан бөлек бір мезгілде инженерлік-техникалық қызмет орталығында (ЦИТС) қарай алатындай етіп жүргізіледі. 
– Осы жақсы бастама болашақта жалғасын табады және үлкен жобаларға ұласады деген сенімдемін. Айтулы жобаны өткізуге атсалысқан, мекемеміздің мамандарына көп алғыс айтамын, – деді «Кен-Құрылыс-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Салтанат Ысқақов.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх