Құттықтау. «ӨзенМұнайСервис» ЖШС

Құттықтау. «ӨзенМұнайСервис» ЖШС
28.09.2017
360
Өндіріс

Құттықтау. «ӨзенМұнайСервис» ЖШС

Құрметті еңбек ардагерлері және әріптестер!

Биыл біз үшін ерекше жыл. «Өзен» және «Қарамандыбас» кен орындарында ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарына 45 жыл толып отыр. Осынау мерекемен Сіздерді құттықтаймын. 
Кешегі ардагер ағаларымыз өндірістің ауыр жүгін арқалап, сала қызметінің қазығын қақты. Бүгінгі буын мұнай саласындағы заманауи техникаларды қолданып, бұл жұмыстарды лайықты жалғастыруда. Уақыт бір орында тұрмайды. Біздің алдағы міндетіміз де осы жұмыстарды заман талабына қарай жетілдіру, биік белестерге көтеру. «ӨзенМұнайСервис» ЖШС – бәсекеге қабілетті, мықты мамандар шоғырланған білікті ірі кәсіпорынға айналып келеді. 
Саланың дамуында Сіздердің әрқайсыңыздың маңдай тер, адал еңбектеріңіз көп. Баршаңызға зор алғысымды білдіремін.  Болашақта да бірге өсіп-өркендей берейік. Мерейтой құтты болсын!

Ізгі ниетпен, 
Нұрсейіт Союнов, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх