Ембімұнайгаз полимерлік суландыру жобасын кеңейтуде

Ембімұнайгаз полимерлік суландыру жобасын кеңейтуде
28.09.2017
311
Өндіріс

Ембімұнайгаз полимерлік суландыру жобасын кеңейтуде

Өндірістік бағдарламаны жоспарлаған сәтте, «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай өндіру көлемін арттыруға ықпал ететін жаңа техникалар мен технологияларды енгізуге ерекше маңыз беріп отырады. Сондай жаңа технологиялардың бірі – полимерлік суландыру жобасы. Ембі кеніштеріне зерттеу жасау нәтижесінде бастапқыда Забурын, Шығыс Молдабек және Қарсақ кен алаңдары таңдап алынып, бұл кен орындарында полимерлік суландырудың пилоттық жобасы үшін бірнеше учаскеден бөлінген еді. Осы зерттеу жұмыстары нәтижесінде «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-на қарасты Забурын кенішінде мұнай беру көлемін арттыру мақсатында полимерлік суландыру қондырғысы іске қосылды. Аталған жобаны іске асыру жұмыстары 2014 жылы жабысқақ мұнайлы кен орындарынан «қара алтынды» өндіруді тұрақтандыру мақсатында басталды. Қазіргі таңда полимерлік ерітіндіні екі ұңғымаға айдау нәтижесінде полимерлік суландыру аумағында тұрақты өнім беруге қол жеткізілді. Алынған қорытындылар «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен расталып, полимерлік суландыру жобасын кеңейту шешімі қабылданды. Ал, Забурын кенішінің негізгі аумағын толық қамту мақсатында су айдау ұңғымаларының саны енді 6-ға дейін өсті. 

– Полимерлік суландыру технологиясын қосымша 4 ұңғымаға енгізу кен алаңында өнім беру деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта аталған жоба базасында бұл технологияны өзге де кен алаңдарына таратуды жоспарлап отырмыз. Сол арқылы жабысқақ мұнайды әзірлеу мәселелерін шешу, мұнай алу коэффицентін арттыру және кен орындарын пайдалануға берудің экономикалық тиімділігін ұзартуға мүмкіндік алуды көздеп отырмыз, – деп атап өтті жобаны кеңейтуге арналған салтанатты шарада ЕМГ кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директоры Қ.Қасымғалиев. Полимерлік суландыру жобасы ЕМГ, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС, «Алстрон» ЖШС мамандарымен бірлесе атқарылып отыр. Жобаның көздегені де полимерлік су айдау арқылы мұнай өндіру көлемін арттыру.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх