Директорлар кеңесінің мүшелері Өзен кенорнында болды

Директорлар кеңесінің мүшелері Өзен кенорнында болды
28.09.2017
408
Өндіріс

Директорлар кеңесінің мүшелері Өзен кенорнында болды

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері іс-сапармен Өзен кенорнында болды. ҚМГ БӨ бас директоры Қ.Есқазиев бастаған компания басшылығы «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы және басқармалар директорларымен жиын өткізіп, кенорынның бүгіні мен ертеңі туралы және өндіріс көлемін ұлғайтуға қатысты басшылардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.

Жиында өндірістің тиімділігін арттыру шаралары, ілеспе суды тазалау, жол қауіпсіздігі, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі, компания жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында мамандарды шетелдерде оқыту, шетелдік компаниялармен өзара тәжірибе алмасу ісін оң жолға қою мәселелері жан-жақты талқыланды.
ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшелері ел экономикасының өркендеуі жолында жемісті еңбек етіп жүрген «Өзенмұнайгаз» АҚ еңбек ұжымына, әріптестеріне қажырлы қызметтері үшін риясыз алғыстарын айтты. Жиыннан соң Өзен кенорнында орналасқан маңызды нысандарды аралап, ішкі жұмыс жүйесімен, мұнайшылардың тұрмыстық жағдайымен танысып, жұмыскерлер үшін жақсы әлеуметтік тұрмыстық жағдай мен жұмысқа қолайлы мүмкіндіктер туғызған компания басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх