Спорт ойындары тартысты өтті

Спорт ойындары тартысты өтті
15.09.2017
1159
Әлеумет

Спорт ойындары тартысты өтті

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның 95 жылдығына арналған бағдарламаға сай бірқатар спорттық сайыстар өтті. Спорттық шаралар легі шағын футболдан басталды. Оған сегіз команда: Басқару аппараты, «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» МГӨБ, «Ембімұнайэнерго», «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармалары мен «KMG EP-Catering» ЖШС қатысып, өзара бақ сынасты. Жеребеге сәйкес бастапқы ойынды Басқарма аппараты мен «Қайнармұнайгаз» командалары бастап, қайнарлықтар басым түсті. Сегіз команда арасындағы тартысты өткен ойын нәтижесінде 1-ші орынды «Жайықмұнайгаз», 2-ші орынды «Қайнармұнайгаз» және 3-ші орынды «Жылыоймұнайгаз» командасы иеленді. Сондай-ақ, Ж.Берденов «Үздік қақпашы», Н.Ищанов «Үздік қорғаушы», Ж.Шуақбаев «Үздік шабуылшы», А.Өтешов «Үздік бомбардир» номинацияларын иеленді. 
Волейболдан жарыс та қызықты, талас-тартысты өтті. Мұнда командада ерлер 3 ойыншы және әйелдер 3 ойыншы болып аралас бір команда болып сайысты. Жайықтықтар бұл спорт түрінен де басқалардан оқ бойы озық түсе шеберлік көрсетіп, жүлделі 1-ші орынды иеленді. 2-ші орын жүлдесін доссорлықтар қанжығасына байласа, 3-ші орынды энергетиктер иеленді.  Ж.Хасанова, М.Идрисов, А.Есенбаев, С.Исқараев волейбол бойынша үздік ойыншылар деп танылды.
Бильярд ойыны бойынша 1-ші орынды «Жылыоймұнайгаз» командасынан Қ.Жанадилов, 2-ші орынды Басқару аппаратынан Ж.Ильясов, 3-ші орынды «KMG EP-Catering» Атырау филиалы басшысы Э.Хисметуллин жеңіп алды. Жеңіске деген құштарлығы үшін А.Дюсегалиев, Г.Шанканов, Б.Ерекешов, Т.Тажиев арнайы марапатқа ие болды. Спорттың үш түрінен де барлық жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх