Мұнайшылар құрметке бөленді. «Қаражанбасмұнай» АҚ

Мұнайшылар құрметке бөленді. «Қаражанбасмұнай» АҚ
15.09.2017
493
Қызметкерлер

Мұнайшылар құрметке бөленді. «Қаражанбасмұнай» АҚ

Мұнайшылар күніне арналған мерекелік шаралар «Қаражанбасмұнай» АҚ-да болып өтті. Қыркүйек айы басталғалы бері қажырлы еңбегі еленген компанияның көптеген жұмысшыларына марапат табысталды. Өндірісте талай жылдардан бері табысты еңбек етіп, кен орнының жүгін арқалаған мұнайшыларға компания басшылығы атынан алғыс айтылды.

Қаражанбас кен орнындағы Мәдени демалыс орталығында «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші Вице-президенті Ли Тецян, «АрғымақТрансСервис» ЖШС Президенті Шаттық Кульшиков, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС бірінші Вице-президенті Мэн Цинган құттықтап, 34 мұнайшыға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасын, Алғыс хатын, сондай-ақ, «Kazenergy» қауымдастығының Құрмет грамотасын, Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатын, «Қаражанбасмұнай» АҚ президентінің Құрмет грамотасын және Алғыс хатын салтанатты жағдайда табыстады. Бұдан бөлек, Өндірістік басқарма директоры Оңғар Қабылов «Үздік маман-2017» сайысында топ жарған мамандарға диплом мен төсбелгілерін табыс етті. Салтанатты шара жалғасын тауып, құқықтық мәселелер және кадр жөніндегі Вице-президент Руслан Макашев алқалы басқосуда спорттық сайыстың жеңімпаздарына жүлделерін тапсырды. Осылайша, талай жылдан бері атқарылған жұмыстар жоғары бағаға ие болып, мұнайшылардың сіңірген сүбелі үлесіне оң баға берілді. 
Соңынан мұнай-газ саласының жүгін арқалаған қауымға Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театры әртістері өз өнерлерін ұсынды. Әсем ән мен көркем бимен жалғасын тапқан кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, зор әсер қалдырды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх