Берекелі ұжым

Берекелі ұжым
26.07.2017
370
Қызметкерлер

Берекелі ұжым

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы, №1 Мұнай-газ өндіру басқармасы, №8 Мұнай-газ өндіру цехы, №12 топтық қондырғысында 53 мұнай өндіру скважинасы жұмыс жасап тұр.

Осы топтық қондырғы шебері, 38 жыл еңбек өтілі бар Қосдәулет Айтниязов туралы әріптестері «өзіне де, өзгеге де талап қойғыш басшы» екендігін айтады.
Қосдәулет еңбек жолын Өзен кенорнында қарапайым мұнай-газ өндіру операторы болып бастады. Жұмыста барлығын шын көңілмен жасайтын ол, өзінің ішкі әлемімен келісімде өмір сүреді. «Өмірде адамдар екі түрлі қағидамен өмір сүреді. Біріншісі – шағымданумен, екіншісі – рахаттанумен. Мен осылардың екінші тобына жатамын», – дейді өзі туралы шебер күлімсіреп. Аталмыш топтық қондырғы операторлары Садықулла Нұрмұқанов, Гүлмира Тілеубаевалар өз істерінің кәсіби шеберлері. Олар ауа-райының қолайсыз жағдайында скважиналарды аралау оңай шаруа емес екендігін айтады.
Мамандар өздерінің міндеттеріне аса ыждаһаттылықпен қарайды. Сый-құрметке өздерінің еңбегі арқылы қол жеткізген жандар, өз жұмыстарынан қуат алады. Адамның қайрат-күшін сығып алатын өндіріс саласында абыройлы еңбек етіп жүрген олар «әлемнің әміршісі – еңбек» екендігін дәлелдеп жүр.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх