Өзен қызметкері бас жүлде алды

Өзен қызметкері бас жүлде алды
11.07.2017
393
Қызметкерлер

Өзен қызметкері бас жүлде алды

Өнер саласында жүрген Жасұлан Жанұзақов пен Бақтылы Көнебаеваның ұйымдастыруымен Ақтау қаласында «Шырқа дауысым, шарықта» атты республикалық-телевизиялық ән фестивалі өтті.

Бүкіл Маңғыстау облысы әншілері қатысқан байқауда өте еркін, өте әсем дауысы бар «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкері Жаңыл Қойшыбаева бас жүлдеге ие болды. Ол француз әншісі Lara Fabianның орындауымен әйгілі болған ағылшын тіліндегі «Adagio» әнін шырқап, көпшілікке керемет әсер қалдырды. Жүлдегер республикалық-телевизиялық фестивальде кәсіби орындаушылық шеберлігі мен үздік өнер көрсеткені үшін бас жүлде дипломымен марапатталды.
Әділқазылар көрерменді тамсандырған Жаңылдың даусында ерекше тартымдылық бар секілді деген тұжырым жасады. Біз талантты боп туылған, күміс көмей әріптесіміз Жаңылға республикалық дүбірлі додада тек қана жеңіс тілейміз!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх