Жеңіс тұғырында жеңімпаздар

Жеңіс тұғырында жеңімпаздар
11.07.2017
271
Өндіріс

Жеңіс тұғырында жеңімпаздар

«Өзенмұнайгаз» АҚ-на қарасты басқармаларының жұмысшы мамандықтарының арасында «Үздік маман-2017» сайысының ІІ туры аяқталды. Басқармаішілік сайыстан озып шыққан үздіктер практикалық тәжірибесі мен теориялық білімін ортаға салып, өз саласының үздігі атану үшін барлық күш-жігерін салды. 

Байқауға мұнай және газ өндіру, скважиналарды жерасты жөндеу, қабат қысымын сақтау, скважиналарды зерттеу операторлары, сораптар станциясының машинистері, электргазбен дәнекерлеуші, арнайы техника жүргізушілері (ЦА-320 моторисі мен машинисі), автокөлік жүргізушілері, мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу слесарі, электр жөндеушілер қатысып, кәсіби шеберліктерін ортаға салып, бақ сынасты.


Нәтижесінде, мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарі мамандығы бойынша І орынға М.Дәулетниязов (№4 МГӨБ), ІІ орынға С.Сүттібаев (№3МГӨБ), ІІІ орынға М.Күшбаев (№4 МГӨБ) ие болды. 
Электргазбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша І орынға А.Үсенов (№1 МГӨБ), ІІ орынға Ж.Абдиев (№3 МГӨБ), ІІІ орынға Т.Қамбаров (№1 МГӨБ) ие болды. 
СЖЖЦ бригадалары бойынша І орынға Ж.Наурызбаев, Е.Кушенов, А.Қызметов (БЖБ), ІІ орынға М.Айдарханов, З.Мурзабеков, Н.Наукебаев (БЖБ), ІІІ орынға Р.Сайын, М.Пасыров, Ж.Баймолдаев (№1 МГӨБ) ие болды. 
Қабат қысымын сақтау операторы мамандығы бойынша І орынға Ж.Каракулов (№3 МГӨБ), ІІ орынға Д.Қарамырзаев (№1 МГӨБ), ІІІ орынға М.Абдуллаев (№4 МГӨБ) ие болды.


Мұнай және газ өндіру операторы мамандығы бойынша Ж.Адына (І орын, №2 МГӨБ), А.Латипов (ІІ орын, №3 МГӨБ), С.Озғанбаев (ІІІ орын, №1 МГӨБ) үздіктер қатарына енді. 
Арнайы техника жүргізушілері (ЦА-320 моторисі) мамандығы бойынша Қ.Досбергенов (І орын,БЖБ), Е.Таскинбаев (ІІ орын,№2 СҚКБ), А.Каримов (ІІІ орын, №5 СҚКБ) жеңімпаздар атанды. 
ЦА-320 машинисі мамандығы бойынша Б.Алибаев (І орын, БЖБ), Е.Жумабаев (ІІ орын, №2 СҚКБ), К.Дүйсенбаев (ІІІ орын, №5 СҚКБ) жүлдегерлер қатарынан табылды. 
Автокөлік жүргізушісі мамандығы бойынша І орынға Ф.Турахов (БЖБ), ІІ орынға А.Тиынов (№3 МГӨБ), ІІІ орынға Қ.Оспанов (БЖБ) ие болды. 
Скважиналарды зерттеу операторы мамандығы бойынша І орынды А.Ермуханов (№3 МГӨБ), ІІ орынды С.Мельчаков (№2 МГӨБ), ІІІ орынды Г.Садыков (№1 МГӨБ) қанжығасына байлады. Бірінші орынға ие болған үздік мамандар ақтық сайысқа жолдама алды.


Комиссия мүшелері арнайы техника жүргізушілері мамандығы бойынша сайысқа БЖБ жүргізушілерінің жақсы дайындалып келгенін айтты.
Ауызбірлігі мықты «Өзенмұнайгаз» АҚ жарқын болашағы білікті мамандар қолында екені сөзсіз!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх