Қаражанбас кенорнында ‘‘Үздік маман-2017’’ кәсіби шеберлік сайысының екінші кезеңі өз мәресіне жетті

Қаражанбас кенорнында ‘‘Үздік маман-2017’’ кәсіби шеберлік сайысының екінші кезеңі өз мәресіне жетті
16.06.2017
422
Өндіріс

Қаражанбас кенорнында ‘‘Үздік маман-2017’’ кәсіби шеберлік сайысының екінші кезеңі өз мәресіне жетті

Қаражанбас кенорнында «Үздік маман – 2017» аталымына дәстүрлі кәсіби шеберлік конкурсының екінші кезеңі өтті. Шараға компанияның құрылымдық бөлімше қызметкерлері қатысты. Конкурстың екінші кезеңі 17 және 24 мамыр аралығында өтті, оған практикалық біліктілігін көрсеткен 112 қызметкер қатысты. Барлық қатысушылар – бірінші кезең жеңімпаздары. Қатысушылардың тәжірибесі мен шеберлігін кәсіпорынның әр бағыт бойынша бас мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби біліктілігімен қатар қауіпсіздік шарасын сақтауына ерекше көңіл бөлді. Конкурс мақсаты – негізгі салалық мамандарды анықтау, кәсіби дамуға ұмтылатын қызметкерлерді ынталандыру.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх