«Кендірлі» демалыс аймағы «Ралли Қазақстан-2017» қатысушыларын қарсы алды

«Кендірлі» демалыс аймағы «Ралли Қазақстан-2017» қатысушыларын қарсы алды
29.05.2017
209
Әлеумет

«Кендірлі» демалыс аймағы «Ралли Қазақстан-2017» қатысушыларын қарсы алды

Мамырдың 20-26 күндері Маңғыстау облысында «Ралли Қазақстан-2017» FIA халықаралық автомобиль федерациясының ралли-рейд бойынша әлем кубогының V кезеңі болып өтті. Бұл жарыс Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.  

Ралли-рейдтің қатысушылары мен ұйымдастырушылар тобы Каспий жағасында орналасқан, табиғаты әсем, ауасы таза, суы мөлдір «Кендірлі» демалыс аймағында тоқтады. «Кендірлі» кешенінің әкімшілігі жарысқа қатысушыларды жайлы жатын орындарға орналастырды, жақсы демалыстары үшін барлық қажетті жағдай жасалды.   
«Ралли Қазақстан – 2017» алты кезеңнен тұрады. Жарысқа әлемнің 15 елінен 25 экипаж қатысты: Қазақстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Ресей, Украина, Польша, Литва, Германия, Чехия, Белоруссия, Нидерланд, Словения, Франция.
«Ралли Қазақстан – 2017» бірінші кезеңі Санкт-Петербург қаласындағы Солтүстік орманда өтті. Екінші кезеңі Дубай, үшіншісі – Абу-Даби, төртіншісі – Катар қалаларында ұйымдастырылды. Бесінші кезеңді өткізу үшін, өзінің бірегей ландшафтының арқасында Маңғыстау облысы таңдалды. 
«Ралли Қазақстан – 2017» жарысының барша қатысушыларына сәттілік тілейміз!

фото www.lada.kz сайтынан алынды, фото авторы Иван Лукьянов

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх