Маңғыстау облысының 50 мектебіне спорт жабдықтары сыйға тартылды

Маңғыстау облысының 50 мектебіне спорт жабдықтары сыйға тартылды
29.05.2017
424
Әлеумет

Маңғыстау облысының 50 мектебіне спорт жабдықтары сыйға тартылды

Мамырдың 24 күні Ақтау қаласында «Биіктерге бірге!» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Үздік спорт жобасын анықтауға арналған байқау Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарының арасында өткізілді.

Шараға мектеп және жергілікті қоғамдастық өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және тәуелді компанияларының, Маңғыстау облысы білім басқармасының өкілдері және басқалар қатысты.
Салтанатты марапаттау рәсіміне «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылығы атынан Әлеуметтік саясат және шаруашылықты қамтамасыз ету департаментінің аға маманы Мұратбек Маханов қатысып, Маңғыстау өңірінің 5 мектебіне спорттық жабдықтар жиынтығына сертификаттар табыстады. 
Байқау «Менің елім» – «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компаниялары қызметін жүргізетін өңірлерде әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Шараны «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұйымдастырды. 
«Биіктерге бірге!» байқауының мақсаты – жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ мектептердегі спорт жабдықтарын жаңа стандарттар мен технологияларға сәйкес сапалы жаңарту.  
Конкурсқа қатысу үшін Маңғыстау облысының мектептерінен 80-нен астам өтінім келіп түсті. Іріктеу нәтижесінде үздік деп танылған 50 жоба таңдалды. Жеңімпаз атанған осы 50 мектеп заманауи спорт жабдықтарымен жабдықталатын болды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх