Өзен кенорнында ‘‘Үздік маман-2017’’ сайысы басталды

Өзен кенорнында  ‘‘Үздік маман-2017’’ сайысы басталды
29.05.2017
350
Өндіріс

Өзен кенорнында ‘‘Үздік маман-2017’’ сайысы басталды

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты 16 басқармада жұмысшы мамандықтарының арасында «Үздік маман-2017» цехаралық кәсіби шеберлік байқауының бірінші кезеңі басталды.

Аталған байқауға мұнай және газ өндіру, скважинаны жерасты жөндеу, қабат қысымын сақтау, скважиналарды зерттеу операторлары, сораптар станциясының машинисі, химиялық талдау зертханашысы, электрогазбен дәнекерлеуші, арнайы техника жүргізушілері (ЦА-320 моторисі, ЦА-320 машинисі), автокөлік жүргізушілері мен мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу слесарі, автокран жүргізушісі, жалпы саны 380-ге жуық жұмыскерлер қатысуда. Сайыс теориялық және практикалық бөлімнен тұрады.
«Бақыттың кілті – еңбекте» деп түсінетін сайысқа қатысушылар жеңіске жету үшін бар күш-жігері мен білімін ортаға салды. «Өз кәсібінің үздігі» болуға ұмтылған әріптестерімізге сәттілік тілейміз. Мамандықтың жаманы жоқ, мәселе жақсы маман болуда! Бұл – заман талабы.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх