ТРЕНИНГ жаңа технологияларға арналды

ТРЕНИНГ жаңа технологияларға арналды
29.05.2017
462
Қызметкерлер

ТРЕНИНГ жаңа технологияларға арналды

Мамырдың 11-12-күндері Атырау қаласындағы Шағала бизнес-орталығында «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «ТКжҰҚБ» ЖШС, «Карповский Северный» ЖШС және «Урал Ойл энд Газ» ЖШС мамандары үшін «ҰКЖ және ұңғымаларды аяқтау» тақырыбында тренинг өтті.

Оқыту «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жөндеу департаментінің және «Бекер Хьюз» ұңғымаларды аяқтау жөніндегі департаменті өкілдерінің бірлескен күшімен ұйымдастырылды. Оқу курсының шеңберінде «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мен ЕТҰ-дың 18 маманы жаңа білімдер меңгеріп, соңғы жаңа технологиялармен және Қазақстан мен Ресейдің техникалық мамандарымен танысты. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ компаниялары тобының кен орындарында бар өзекті проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға «Бейкер Хьюз» компаниясынан тренинг өткені туралы сертификаттар табысталды.

Рустам Алданғоров, 
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бұрғылау және ҰКЖ департаментінің аға инженері

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх