«Атыраугео-2017»

«Атыраугео-2017»
29.05.2017
569
Экономика

«Атыраугео-2017»

Мамырдың 24-25 күндері Атырау мұнай және газ университетінде IV халықаралық «Атырау-Гео-2017» «Мұнайгаз өнімділігінің келешегі, проблемалары және алынуы қиын, дәстүрлі емес және қалдық мұнайды зерттеу жолдары» тақырыбында ғылыми геологиялық конференция өтіп, онда саланың өзекті мәселелері сөз болды.

Шараға облыс әкімі Н.Ноғаев, ҚР Энергетика министрлігі, «KAZENERGY» Қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері, отандық, алыс-жақын шетелдік геолог мамандар, ғалымдар, мұнайгаз кешені кәсіпорын басшылары қатысты. Шараның ұйымдастырушысы «Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамы». Бұл жолы «Ембімұнайгаз» АҚ күміс демеуші санатынан табылып, конференцияның сәтті өтуіне мұрындық болды. Конференцияны Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының төрағасы, геолого-минералогия ғылымдарының докторы Балтабек Қуандықов жүргізіп отырды. 
Конференцияда сөз алған Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевтың атап өткеніндей, Қазақстанның жер қойнауы – әлемдегі қазыналы өңір. Елімізде отандық және шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалып отыр. Аймақта отыздан аса жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын болса, ел экономикасына осылар құйған қомақты инвестиция нәтижесінде бұрғылау жұмыстары өрістеуде, мұнайдың мол қоры табылуда. 
Конференцияда сөз алған «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы А.Жақсыбековтың атап өткеніндей, кәсіпорында барлау-бұрғылау жұмыстары уақтылы жүргізіліп, оң нәтижелерін беріп келеді. Алдағы жылдары терең бұрғылау жұмыстары да жүргізілмек. Екі күнге созылған ғылыми геологиялық конференция барысында көптеген баяндамалар оқылып, қатысушылар тақырып аясындағы ғылыми көзқарастарымен, еңбек нәтижелерімен бөлісті. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх