«Шелл» мамандары Өзенмұнайгазда болды

«Шелл» мамандары Өзенмұнайгазда болды
29.05.2017
234
Өндіріс

«Шелл» мамандары Өзенмұнайгазда болды

«Шелл» жаһандық энергетикалық концерн өкілдері «Өзенмұнайгаз» АҚ-да болып, Компания басшылығымен кездесті. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бекзат Абайылданов, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов бастаған жетекші топ шетелдік компания өкілдерінің өндіріс көлемін ұлғайтуға қатысты ұсыныстарын тыңдады.

Өз сөзінде шетелдік компания өкілі Виктор Кобеллеро «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірісін аралап, ішкі жұмыс жүйесімен танысқанын жеткізді. Басқосу барысында өндірістің тиімділігін арттыру шаралары соның ішінде ілеспе суды тазалау, жол, қауіпсіздік, электр энергиясы, мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу секілді мүмкіндіктерге жалпы тоқталып өтті. 
Өзара ынтымақтастық қарым-қатынас аясында «Шелл» энергетикалық компаниясының өкілдері «Өзенмұнайгаз» АҚ мамандарымен жерасты қабаттарының өнімділігін арттыру бойынша өзара тәжірибе алмасты. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының «Өзенмұнайгаз» АҚ жобалары жөніндегі орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Қайырбек Елеусіновпен кездескен компания өкілдері «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай өндірісін арттыру жолы туралы сөз етті. 
Голландия, Америка елдерінен келген «Шелл» компаниясының сарапшылары Виктор Кобеллеро, Колин Дэвидсон, сондай-ақ, Қазақ өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми зерттеу инстититуты және Қазақ ғылыми зерттеу және мұнай-газ жобалау институты өкілдері 15 мамырдан барлық өндіріс аумағын аралап, мұнай және газ өндіру, ішкі жұмыс жүйесімен танысып, жауапты мамандармен кездесу өткізді. 
Бұл сапар «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ және «Шелл» жаһандық энергетикалық концерні арасындағы меморандум аясында іске асып отыр.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх