Өндірісте жаңа нысан бой көтерді

Өндірісте жаңа нысан бой көтерді
29.05.2017
391
Өндіріс

Өндірісте жаңа нысан бой көтерді

«Өзенмұнайгаз» АҚ, №1 МГӨБ, №1 ҚҚСЦ-ына қарасты №3 «а» Шоғырланған сораптар станциясының заманауи үлгісіндегі тұрмыстық-шаруашылық кешені бой көтеріп, мұнайшылар игілігіне берілді. 

№1 Мұнай-газ өндіру басқармасының бас инженері Ержан Бекжанов әріптестерін құттықтай отырып, еңбекке қолайлы жағдай жасау арқылы өндірісте үлкен жетістікке жетуге болатындығын айрықша атап өтті.
Жаңа нысанның лентасын басқарма бас инженері Ержан Бекжанов пен қабат қысымын сақтау цехының бастығы Тілеуберген Нұржаубеков қиды. Мердігер компания «Ақтауойлмаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық директоры Кизат Абылқайыров қабат қысымын сақтау цехының бастығы Тілеуберген Нұржаубековке мәдени үйшіктің символикалық кілтін салтанатты түрде табыс етті. 
Шоғырланған сораптар станциясында 32 жылдан бері абыройлы еңбек етіп келе жатқан Мөлдір Қалиева «Жаңа нысан көңілімізді көтеріп тастады. Жұмысшылардың жағдайын ойлап, жазда сая, қыста пана болатын заман талабына сай мәдени үйшік салып берген компания басшылығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – деді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх