Дәстүрлі сенбілік серпінді өтті

Дәстүрлі сенбілік серпінді өтті
12.05.2017
432
Қызметкерлер

Дәстүрлі сенбілік серпінді өтті

Сәуірдің 29-ы күні «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «ҚазМұнайГаз» БӨ»АҚ компаниялар тобының жас мамандары Ақтау қаласындағы жалпыаймақтық сенбілікке белсенді атсалысты.

Шараға 120-дан аса мұнай-газ саласы қызметкерлері  қатысты. «Тазалық – мәдениеттіліктің белгісі» деген ұранмен оң бастамаға білек түрген жастар қоршаған орта тазалығына қамқоршы болып қана қоймай, елге деген сүйіспеншіліктерін байқатты. 
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның еншілес және тәуелді компаниялары Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарында орналасқан. Бүгінгі таңда еншілес компанияларда «Жас мамандар кеңесі» жұмыс істейді. Аталған облыстарда «Жас мамандар кеңесінің» ұйымдастыруымен жыл сайын жалпыаймақтық сенбіліктер ұйымдастырылады. Мұндай іс-шаралар жас мамандардың бойына отансүйгіштік, ізгі адамгершілік қасиеттерді сіңіреді. Біз қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргіземіз. Еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында қызмет етудеміз. Бұл шара алдағы уақытта жалғасын табады», – дейді «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ аппарат басшысы Бауыржан Асқаров. 
Тазалық маусымына бірлесе атсалысқан белсенді жастар 43 шақырым жердегі теңіз жағалауын қоқыстан тазартты. Жас мамандар нәтижелі сенбілікке дән риза. «Сенбілік серпінді өтті деуге болады. Себебі «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар» ауызбірлікпен бұл істі орындадық. Алдағы жаз маусымының керемет күндерін қаламыз тап-тұйнақ тазалықпен қарсы алса дейміз. Бүгін 43 шақырымдағы теңіз жағалауын тазаладық. Теңіз тазалығы жас ұрпақты толғандырмай қоймайтындығы қуантады», – дейді «Бұрғылау» ЖШС «Бұрғылау жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Өтешов. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх